АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің айтуынша, ХАМАС тобының жетекшілері Газадағы соғыс қимылдарын тоқтатуды көздейтін, кепілге алынғандар бойынша ұсынысқа жауап берді, деп хабарлайды «Америка дауысы» радиосы.
Мемлекеттік хатшы Энтони Блинкен сейсенбіде жасаған мәлімдемесі бойынша, ХАМАС жетекшілері Газадағы соғыс іс-қимылдарын уақытша тоқтатуды көздейтін, кепілге алынғандар туралы келісімге жазбаша жауап берді. Оның айтуынша, Құрама Штаттар ХАМАС-тың жауабын қарқынды түрде зерттеп жатыр және оны сәрсенбі күні Израильдегі әріптестерімен талқылайды.
Дохадағы баспасөз мәслихатында Блинкен тілшілерге ХАМАС-тың ұсынысқа берген жауабы Израильге жеткізілгенін айтты.
«Біз кеплге алынғандар туралы тек жаңартылған емес, кеңейтілген кепіл келісімімен және ол әкелетін барлық артықшылықтармен алға жылжу үшін келісімге қол жеткізуге тырысамыз», – деді ол.
Блинкен сейсенбіде Мысыр және Катар көшбасшыларымен Газада жаңа уақытша атысты тоқтату және палестиналық бейбіт тұрғындарға көбірек гуманитарлық көмек көрсету туралы табанды үндеулер аясында келіссөздер жүргізді.
Америка Құрама Штаттары, Мысыр және Катар қазіргі кезде қарастырылып жатқан атысты тоқтату туралы ұсынысты жасауға көмектесті, оған шайқастарды бірнеше аптаға тоқтату және Газада ХАМАС ұстаған кепілге алынғандарды босату кіреді.
Блинкен Дохада Катар әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Танимен және Катар премьер-министрі Мохаммед бен Абдулрахман Әл Танимен келіссөздер жүргізді.
Әл Тани тілшілерге ХАМАС-тан кепілге алынғандар бойынша келісімінің жалпы құрылымына қатысты жауап алынғанын айтты. Онда кейбір ескертулер бар, бірақ алғанда оң жауап алынған.
Катар премьер-министрі оптимистік көзқарасын білдіріп, атысты ұзақ уақытқа тоқтатудың орнына кепілге алынғандарды босату «жақында» нәтиже әкелетініне үміттенетінін айтты, бірақ бұл туралы егжей-тегжейлі айтудан бас тартты.
Бұған дейін Блинкен Каирде Мысыр президенті Абдель-Фаттах эс-Сисимен кездесті.
Қарашаның соңында жасалған бұған дейінгі атысты уақытша тоқтату келісімі бір аптаға созылды, соның арқасында Газа секторындағы 100-ден астам кепілге алынған және Израильде ұсталған 240 палестиналық тұтқын босатылған.
Еске сала кетсек, Энтони Блинкен жақында Сауд Арабиясына келген болатын. Жақын арада ол Таяу Шығыстағы тағы бірнеше елге барады. Бұл ХАМАС-тың Израильге шабуылы және оған жауап ретінде «Темір қылыштар» операциясы басталғаннан бері АҚШ Мемлекеттік хатшысының Таяу Шығысқа жасаған бесінші сапары.