Фото: kremlin.ru
Ресей басшысы Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамптың мүмкін болатын кездесуі үшін Эр-Рияд қаласы ұсынылған, алайда бұл мәселе бойынша түпкілікті шешім қабылданған жоқ, дейді Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Бұл туралы ол Бірінші арнаға берген сұхбатында мәлімдеді, деп жазады Report.
«Екі ел үшін Эр-Рияд лайықты орын бола алады. Шынында да, Эр-Рияд ықтимал кездесу орны ретінде аталды. Алайда әзірге бұл бағытта ешқандай нақты шешім қабылданған жоқ. Бұл мәселе бойынша жұмыс деңгейінде де, жоғары деңгейде де келісім жоқ. Кездесу қайда өтетіні — Эр-Риядта ма, әлде басқа қалада ма — бізге белгісіз. Мұндай шараны дайындауға біраз уақыт қажет, бұл бірнеше аптаға немесе тіпті бірнеше айға созылуы мүмкін», – деді Дмитрий Песков.
Сондай-ақ, Песков Ресейдің Украина мәселесін реттеу жөніндегі келіссөздерде АҚШ-ты басты серіктес ретінде қарайтынын атап өтті.