Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

14 Қазан, 2025

«Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды

14 Қазан, 2025

Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған
  • «Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды
  • Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды
  • «Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы мектепте босанды
  • «Қоғамдық көлікте жүру ақысы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе»: Үкімет атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді
  • Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя
  • Тоқаев бұрынғы Денсаулық сақтау министрін кеңесшісі етіп тағайындады
  • «Қазақстан «мамбеттерімен» танымал»: Қарағандыда даулы пікір қалдырған кәсіпкердің соты басталды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Ерболат Досаев Президентті Алматыда салынып жатқан сумен қамту нысандарының құрылысымен таныстырды

25 января, 2024 Басты тақырып
Фото: Ақорда
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Президент әрқайсының сыйымдылығы 3000 текше метр болатын «Балқаш» таза ауызсу станциясының екі резервуарының және сорғы станциясының құрылысымен танысты, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Каптаж», «Бастау» тоғандарынан және «Медеу» сүзгі станциясынан келетін судың осы резервуарларда жинақталып, зарарсыздандырылатыны жөнінде мәлімет берілді. Тазаланған ауызсу арнайы орнатылған сорғылардың көмегімен Каменское плато, Көлсай, Юбилейный және Мұзтау ықшамаудандарының магистральды желілері арқылы таратылады.

Нысанды аралап көру барысында Мемлекет басшысына Алматы қаласын сумен қамту желісінің қазіргі жай-күйі мен даму жоспары туралы баяндалды.

«Президенттің тапсырмаларын орындау аясында қала әкімдігі былтыр жаңадан 117 шақырым сумен қамту желісін салып, 46 километр су құбырын жаңғырту жұмыстарын жүргізген. Аталған шаралар Алматы халқының 99,3 пайызын сумен қамтитын орталық желіге қосуға мүмкіндік берді. Биыл тағы 142 километр су құбырын тартып, 48 шақырым желіге жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Бұл жыл соңына дейін тұрғындардың 99,6 пайызына су жеткізіп, желілердің тозу деңгейін 53,8 пайызға дейін төмендетуге септігін тигізеді», — делінген хабарламада.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа Медеу ауданының 50 мың тұрғынын сумен қамтудың қосалқы схемасын іске қосу жоспары жөнінде мәлімет берілді. Ал Алатау, Бостандық және Наурызбай аудандарының халқын сумен тұрақты әрі сапалы түрде қамтамасыз ету үшін екі тоған салынып жатыр және тағы екеуінің жобалау жұмыстары жүргізілуде.

Алматы қаласы әкімдігінің мәліметіне сәйкес биыл Қарғалы тоғанының құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Бұл нысан Наурызбай ауданының 50 мың тұрғынын ауызсумен қамтамасыз етеді. Келесі жылы Ақсай тоғанының құрылысын аяқтау көзделуде. Ол Наурызбай ауданындағы 100 мың тұрғын мен Алматы облысы Қарасай ауданындағы 15 мың тұрғынның суға қатысты мәселесін шешуге септігін тигізеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласын сумен қамтамасыз ету жалпымемлекеттік маңызы бар басым міндет екенін атап өтті. Сонымен қатар былтыр Алматы қаласының Медеу ауданында болған жағдайдың қайталануына жол беруге болмайтынын ескертті.

«Елімізде су тапшылығы бар. Бізге жалпы мемлекеттік бағдарлама қажет. Бау-бақшаны суару үшін ауызсуды пайдалануға болмайды. Оның орнына су үнемдеу технологиясын қолданысқа енгізіп, жер астынан жаңа су көздерін іздеу қажет. Алматының тұрғындары ауызсудың тапшылығына жиі шағымданады. Сондықтан кешенді, жүйелі жұмыс жүргізілуі керек», – деді Президент.

Алматы әкімдігі Досаев сумен қамту Тоқаев

Оқылып жатыр

«Қарияны зат сияқты лақтырған»: Алматыда Қарттар үйіндегі адамға қызметкер адамшошырлық қатігездік көрсеткен

Иранда су таусылды. Қазақстанда да осындай жағдай қайталануы мүмкін бе?

Қызмет алушылар құқығы басты назарда

БҚО-да жаңа индустриялық кезең басталады: 14 инвестициялық ірі жоба қолға алынды

Жанармай дағдарысының жаңа толқыны: Қазақстан 2022 жылғы қаңтардың жолына түсе ме?

Алматыда SHARE KAZAKHSTAN-2025 архитектура және урбанистика бойынша алғашқы халықаралық форумы өтті

Соңғы жазбалар

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

14 Қазан, 2025

«Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды

14 Қазан, 2025

Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды

14 Қазан, 2025

«Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы мектепте босанды

14 Қазан, 2025

«Қоғамдық көлікте жүру ақысы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе»: Үкімет атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді

14 Қазан, 2025

Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя

14 Қазан, 2025

Тоқаев бұрынғы Денсаулық сақтау министрін кеңесшісі етіп тағайындады

14 Қазан, 2025

«Қазақстан «мамбеттерімен» танымал»: Қарағандыда даулы пікір қалдырған кәсіпкердің соты басталды

14 Қазан, 2025

Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

14 Қазан, 2025

Димаш Құдайберген Мексикада сәбидің тұсауын кесті

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.