Қазақстандық танымал әнші Ерке Есмахан Instagram парақшасында сұрақ-жауап айдарын өткізіп, оқырмандарынан түскен ер азаматтардың сыйлық беруі туралы сұраққа жауап берді. Бұл туралы Todayinfo ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әншінің айтуынша, ерлерге қандай да бір әрекетті үйретудің қажеті жоқ. Олар өз сезімі мен ықыласын білдірудің жолдарын өздігінен таба алады.
«Қыздар, расын айтқанда, еркекті үйретудің қажеті жоқ. Олар бәрін өздері-ақ біледі табиғаттан. Нені қалай жасау керегін», – деді Ерке Есмахан.
Ол сонымен қатар кей ер адамдардың «ақшам жоқ», «мен ондай еркек емеспін» деген секілді сөздерін ақталу ғана деп бағалады.
«Қолымнан келмейді, гүл сыйлай алмаймын, мен ондай еркек емеспін, ақшам жоқ деген нәрсе – өтірік», – деп жазды ол.
Әнші әйелдерге өзін бағалауға және өз дамуына көңіл бөлуге кеңес берді. Оның айтуынша, шынайы жақсы көретін ер адам әйелдің өмір қарқынына сай әрекет етеді.
«Фокусты өзіңізге бұрыңыз, өзіңіз өсіңіз. Жақсы көрген адам темпіңізге ілеседі», – деп түйіндеді Ерке Есмахан.
Бұл жазба желі қолданушылары арасында қызу талқы тудырып, көпшілік әншінің ашық әрі нақты ойына қолдау білдіріп жатыр.