Алдағы аптада президент Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді деп күтілуде, деп хабарлайды Todayinfo.kz порталы.
Осы отырыста қандай мәселелер көтеріліп, жаңа саяси және экономикалық шешімдер қабылдануы мүмкін деген тілші сұрағына саясаткер, парламент депутаты Ерлан Саиров жауап берді.
«Қазақстанда бюджет саласында үлкен проблемі бар. Яғни бюджет дефициті. Бұл мәселені шешпесе, биыл көптеген еліміздегі әлеметтік мәселелер кенжелеп қалуы ықтимал. Сондықтан біріншіден осы үкімет, осы бюджетті толтыруыдың амалдарын, оның және бір формуларын жасау керек. Менің ойымшы президент, ең бірінші, осы бюджетті толтыруыдағы жаңа әдістер мен тәсілдерді талап етін тәрізді үкіметтен. Екінші, әрине, аймақтардағы инфрақұрылым мәселесі. Бүгінгі таңда аймақтардың инфрақұрылымын әрі қарай дамату керек және ең негізгісі, дүнижүзіндің экономикалысы турбуленттілікке еніп келе жатыр, Трамп мұнайды 40 долларға түсіремін деп отыр. Бұл Қазақстанның экономикасына үлкен салмақ болады. Міне осындай қиын-қыстау кезде, халықтың әлеметтік деңгейін төмендетіп алмаудың амалдарын президент үкіметке тапсырады деп ойлаймын. Өйткені, қандайда қиын жағдай болмасын ең негізгі мәселе ол халқыңыздың әлеметтік деңгейін түсірмеу болып табылады» дейді саясаткер.
Бүгінгі таңда дүние жүзінде үлкен экономикалық құрылымдар, үлкен мемлекеттер экономикалық протекциямен айналысып жатыр деген депутат тіпті АҚШ-тың өзі осыны жасап отыр дейді.
«Нарықтың аппалагеті болып табылатын, Америка Құрама шаттарының өздері бүгін экономикалық протекциямен айналысып, сауда кедергілерін жасап жатыр. Бұл Қазақстанның дүние жүзіне шығаратын тауарларына, оның ішінде мұнай шикізаттарына үлкен кедергі болып табылады. Сондықтан, бүгінгі заманда ең негізгі мәселе, ол халықтың әлеметтік деңгейін сұтап отыру, жаппай кедейшілікке жол бермеу болып табылады. Сондықтан, үкіметтің ең негізгі мәселесі мынау экономиканы әрі қарай дамытудың жаңа моделін жасай отырып, халықты жаппай кедейлікке ұшырамауына жағай жасау. Менің ойымша президент үкіметке осы мәселелер бойынша тапсырма береді» дейді депутат.