Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy
Продюсер Баян Алагөзова мәжіліс депутаты Абзал Құспанның мәлімдемесіне жауап берді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Құспан «тоқал» институтын, яғни екінші және үшінші «бейресми» әйелдерді заңдастыруды ұсынған еді.
Алагөзова депутаттың сөзімен мүлдем келіспейтінін айтып, оған жауап ретінде елде көпкүйеулілікті заңдастыруды ұсынды.
«Жауап ретінде көп ерекепен некелесуді заңдастыруды ұсынамын. Неге болмасқа? Ерлерге болады да, әйелдерге болмай ма? Біздің ел — зайырлы мемлекет, заң бойынша бәріміз теңбіз. Билік өкілдері шариғат заңымен өмір сүруді ұсынғанда, мұны қалай түсінуге болады?» — деп ашуға мінді продюсер.
Бұған дейін Құспан тек шенеуніктер ғана емес, көптеген дәулетті ер адам «тоқалмен» бірге тұратынын айтқан болатын. Ол қазақтың «әмеңгерлік» дәстүрін еске салды, онда ер адам қаза тапқан бауырының жесірін қамқорлығына алған.
Депутаттың айтуынша, алайда қазір бұл дәстүр «байлардың ермегіне» айналып, «тоқал» рөлін жас қыздар атқарып жүр.

