Танымал әнші Ернар Айдар желтоқсан айында әкесі дүниеден өтіп, сол күні ұлды болғанын айтып, желідегі оқырмандарымен өміріндегі қайғы мен қуанышты қатар бөлісті, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Әнші өміріндегі ауыр сәт пен қуанышты оқиғаны еске алып, жанкүйерлеріне жүрекжарды жазба арнады.
«Пенде болғасын арманымыз бен әттеген-айымыз қатар жүретіні белгілі. Әкемнің қазасы өте ауыр тиді. Әкемнің жаназасы өтетін күні таңертең ұлым дүние есігін ашты. Біз әкемізді түсте ақтық сапарға шығарып салдық. Сөйтіп, әкем Айдарұлы Жаңабайдың немересі Ернарұлы Жаңабек дүниеге келді. Не қайғырарымды, не қуанарымды білмей есеңгіредім. Осы кезде «Қайғы мен қуаныш қатар жүреді» деген сөздің мағынасын терең түсіндім», – деп жазды Ернар Айдар.