Ішкі істер министрі Ержан Сәденов қызмет барысында қаза тапқан Түркістан облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Қанат Ғабитовтың отбасына көңіл айтты,деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
«Қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан Қанат Ғабитовтың туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамын. Ішкі істер министрлігі марқұмның отбасына қажетті қолдауды көрсетеді», – деді министр.
Марқұмның отбасына мемлекет тарапынан тиісті көмек көрсетілетіні хабарланды.