Оқу-ағарту министрлігінің балансына берілген Кәрім Мәсімовтың зәулім сарайы ерекше білімді қажет ететін балаларға арналған орталыққа айналмақ, деп хабарлайды Todayinfo Ulysmedia-ға сілтеме жасап.
Мұндай шешім балалардың санының артуына байланысты қабылданды.
– Негізгі орталық Алматыдағы Ұлттық ғылыми-практикалық орталықта орналасады. Ал басқа өңірлерде, соның ішінде Астанада да филиалдар ашылады. Бұл бірыңғай әдістемелік жүйе қалыптастыруға, мамандарға, ата-аналарға және балаларға қолайлы жағдай жасауға, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарының жұмысын жақсартуға мүмкіндік береді, – деді министрлік өкілдері.
Бұл үй Нұра ауданындағы Қараөткел ықшамауданында орналасқан. Бұған дейін зәулім үй Қайтарылған активтерді басқару компаниясының балансында болып, 1,6 млрд теңгеден бастапқы бағамен электронды саудаға қойылған.
Үйді үш рет сатуға тырысқанымен, сатып алушы табылмады. Бұған дейінгі аукционда Мәсімовке тиесілі монеталар, әшекейлер мен қылыштар сатылған еді.
Фото: ҰҚК