Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
What's Hot

Astana Media Week 2025: ЖИ, жаңа заңдар және Қазақстандағы медианың болашағы

5 Қараша, 2025

Алмалы ауданында жаңа мектеп орындары құрылып, балабақшалар жаңғыртып жатыр

5 Қараша, 2025

Білімге апарар қауіпсіз жол

5 Қараша, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Astana Media Week 2025: ЖИ, жаңа заңдар және Қазақстандағы медианың болашағы
  • Алмалы ауданында жаңа мектеп орындары құрылып, балабақшалар жаңғыртып жатыр
  • Білімге апарар қауіпсіз жол
  • «Қызметі үшін баласынан безді»: Түркістан облысының 23 жастағы депутаты Мәжіліс депутатының былығын ашты
  • Алмалының жаңа келбеті: саябақтар, аулалар мен жаяу жүргіншілер аймағы жаңартылды
  • Ақтөбе облысында қарулы қақтығысқа қатысушыға қатысты айыптау үкімі шығарылды
  • «Бәрі білген, бірақ үндемеген»: Тұрсынбектің тоқалының тойында өнердегі әріптестері де болған
  • Қазақстандықтарға бірінші несиесі мақұлданбайынша келесісін беруге тыйым салынады
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 5 Қараша
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » Ескі элитаның жаңа буыны: өзгеріс пе, әлде жалғастық па?

Ескі элитаның жаңа буыны: өзгеріс пе, әлде жалғастық па?

5 Қараша, 2025 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

«Ескі Қазақстан» дәуірінде биліктің биік сатысында жүрген шенеуніктердің балалары қазір «жаңа Қазақстанның» саяси сахнасында көзге түсіп жүр. Ықпалды ортада өскен бұл буын ата жолын қуып, бүгінде ел басқару ісінде белсенділік танытуда, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Елеусізовтер әулеті

Тимур Елеусізов 2023 жылдың 30 наурызынан бастап Алматы қаласы мәслихатының депутаты қызметін атқарып келеді. Сонымен қатар 39 жастағы шенеунік Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің экология мәселелері жөніндегі кеңесшісі.

Оның әкесі Мэлс Елеусізов есімі “Ескі Қазақстан” кезеңінде-ақ елге кеңінен танылған саясаткер әрі эколог. 2005 және 2011 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті сайлауына кандидат болған. Бүгінде ол «Табиғат» экологиялық одағының жетекшісі қызметін атқарады.

Мәдиевтер әулеті

Қазақстанда жаңа буын шенеуніктердің арасынан Жаслан Мәдиевтің есімі жиі аталады. 42 жастағы шенеунік бүгінде Премьер-министрдің орынбасары әрі Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі қызметтерін атқарады.

Цифрландыру саласы Жаслан Мәдиев үшін жаңа бағыт емес. Ол бұған дейін де Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде (МЦРИАП) түрлі лауазымда жұмыс істеген.

Мәдиевтің кәсіби жолы негізінен қаржы саласымен байланысты. Ол “Самұрық-Қазына” қорында, Даму банкінде және Ұлттық банкте қызмет атқарған, сондай-ақ Ұлттық экономика вице-министрі болған.

Әулеттің өзге мүшелері де мемлекеттік қызметте төбе көрсеткен. Әкесі Хасен Мәдиев кезінде “Қазақтелеком” ұлттық компаниясында қаржы саласына жауапты қызметте болған (2008 жылға дейін). Інісі Олжас Мәдиев 2020 жылы Алматы қаласы Медеу ауданы әкімдігі аппаратының қызметкері ретінде тіркелген.

Жаслан Мәдиевтің жұбайы — Мәжіліс депутаты Дүйсенбай Тұрғановтың қызы Майра Тұрғанова.

Нұрпейісовтер әулеті

Қазақстанның жоғары билік құрылымында жаңа есімдердің қатарын Асат Нұрпейісов толықтырады. Ол 2024 жылдың 7 ақпанында Президент Іс басқарушысы қызметіне тағайындалды. Бұл лауазым елдің басқару жүйесінде айрықша мәнге ие, себебі Президент әкімшілігінің материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық жұмыстарын үйлестіреді.

Асат Нұрпейісов бұған дейін, 2023 жылдың қаңтарынан бастап, Президент Іс басқарушының орынбасары қызметін атқарған.

Айта кетсек, оның әкесі — Болат Нұрпейісов те дәл осы құрылымда ұзақ жылдар бойы еңбек еткен тұлға. Ол 1996 жылдан 2006 жылға дейін Президент Іс басқарушысының орынбасары қызметін атқарған. Кейін жеке секторға ауысқанымен, мемлекеттік басқару саласынан қол үзбеді.

Нығматуллиндер әулеті

Нығматуллиндер әулеті саяси мінберде ұзақ жылдар бойы белсенді рөл атқарып келді.

Мәселен, Малика Нығматуллина 2021 жылдың желтоқсанынан бері “Green Mine” компаниясының басқарма төрайымы қызметін атқарады. Компания тау-кен өндірісінің техногендік минералдық қалдықтарын қайта өңдеу саласына маманданған.

Малика Ерланқызы еңбек жолын 2002 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде жетекші маман ретінде бастаған. Кейін Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде, Индустрия және сауда министрлігінде, сондай-ақ Көлік және коммуникациялар министрлігінде түрлі жетекші қызметтер атқарды.

2006 жылы Астана қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы болып тағайындалды. Ал 2016 жылы Астана қаласы әкімінің орынбасары қызметіне көтерілді.

Оның әкесі – Ерлан Зайроллаұлы Нығматуллин, танымал саясаткер және экономист. Ол Мәжіліс пен Сенат депутаты болып қызмет атқарған, экономика ғылымдарының кандидаты (1999). Қазіргі уақытта “YDD Corporation”, “AsiaFerroAlloys”, “Kaz Silicon”, “EkibastuzFerroAlloys” және “Қаражыра” АҚ сияқты ірі өнеркәсіптік және металлургиялық кәсіпорындардың акционері.

Шабдарбаевтар әулеті

Амангелді Шабдарбаев – Қазақстанның арнайы қызмет саласындағы ең ықпалды тұлғалардың бірі. Ол экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жерлесі. 1974 жылы Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институтын тәмамдағаннан кейін КГБ жүйесіне қабылданып, Дінмұхамед Қонаевтың жеке күзетшісі қызметін атқарған.

Тәуелсіздік жылдарында Шабдарбаев қауіпсіздік органдарына қайта оралып, жауапты лауазымдарды иеленді. 2002 жылы Президент күзет қызметінің бастығы, ал 2006 жылы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болды. Кейін Республикалық гвардияны басқарды.

Амангелді Шабдарбаевтың ұлдары да жоғары мемлекеттік құрылымдарда еңбек етіп жүр.

Үлкен ұлы Нұрлан Шабдарбаев 2021 жылдың шілдесінен бері Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы қызметін атқарады.

Ол еңбек жолын 1996 жылы Алматы мен Алматы облысы бойынша Мемлекеттік тергеу комитетінде жедел уәкіл болып бастаған. Кейін ішкі істер органдарында, экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаменттерінде қызмет атқарған.

Әр жылдары Алматы, Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарындағы қаржы полициясын басқарды. 2019–2021 жылдары ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

Кіші ұлы Арлан Шабдарбаев 2016 жылдан бері Павлодар мұнай-химия зауытының (ПНХЗ) маркетинг жөніндегі бас директордың орынбасары қызметін атқарады. Бұған дейін “Рахат-Транссервис”, “Арна”, “Халық банкі” сияқты ірі коммерциялық және қаржы ұйымдарында еңбек еткен. Сондай-ақ “ҚазТрансОйл”, “ҚазМұнайГаз” және “ПетроҚазақстан Ойл Продактс” компанияларында басшылық лауазымдарда болған.

Кәрбозовтар әулеті

Қуат Кәрбозов – “Қазақстан астық консорциумы” ЖШС бас директорының орынбасары. Ол Қазақ гуманитарлық-заң университетін және Лондон бизнес мектебін (LSBF) тәмамдаған. Бұған дейін Қуат Кәрбозов Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігінде қызмет атқарып, кейін “ҚазМұнайГаз” жүйесінде түрлі жетекші лауазымдарда жұмыс істеген. Атап айтқанда, “ҚазМұнайГаз” Сауда үйінің өкілдігінде директордың орынбасары, “KazMunaiGaz International” (“Rompetrol”) даму департаментінің директоры, сондай-ақ “KPI Inc” компаниясында жоспарлау және мониторинг департаментінің директоры болған.

Оның әкесі — генерал-майор Қозы-Көрпеш Кәрбозов, ұлттық қауіпсіздік органдарының ардагері, ҚР Қорғаныс министрлігіне қарасты Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығының президенті.

Айта кетсек, 2011 жылы Қозы-Көрпеш Кәрбозов ҚР Кедендік бақылау комитетінің төрағасы қызметінен өз ведомствосындағы бірқатар қызметкердің тұтқындалуынан кейін отставкаға кеткен болатын.

Зейнуллиндер әулеті

Зейнуллин Талғат 2013 жылдың 25 шілдесінен бері “Астана” ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің басқарма төрағасы қызметін атқарады. Ол елдегі агроөнеркәсіп саласында танылған тұлға, отбасымен бірге осы бағытта бірнеше жобаларды дамытып келеді.

Талғат Зейнуллиннің екі ұлы да мемлекеттік қызметте еңбек етеді.

Үлкен ұлы Аян Талғатұлы Зейнуллин — ҚР Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылым депутаты, Экология және табиғатты пайдалану мәселелері комитетінің мүшесі.

Кіші ұлы Айвар Зейнуллин, ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті төрағасының орынбасары, Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі. Ол Ұлыбританиядағы Букингем университетін, кейін Қазақстан экономика және халықаралық сауда университетін және Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған. Бұған дейін Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Әулетке тиесілі AiZet Farms компаниясы 2014 жылдан бері ауыл шаруашылығымен айналысып келеді. Негізгі бағыты астық өндіру және ірі қара мал өсіру. Дегенмен компанияның аты кейінгі жылдары қаржылық дау-дамайлармен жиі аталып жүр. Kompra.kz пен Orda.kz таратқан мәліметтерге сүйенсек, AiZet Farms-тың салықтық берешегі 166 млн теңгеден асқан, ал сот орындаушыларына тіркелген қарыз сомасы 18,8 млрд теңге шамасында. Компанияның атына 63 сот шешімі тіркелгені де көрсетілген.

Бұл мәліметтерге қарағанда, Зейнуллиндер әулетінің агробизнесі қазір айтарлықтай қаржылық қиындыққа тап болған. Соған қарамастан, компания қызметін жалғастырып отыр.

Отыншиевтер әулеті

Мейіржан Отыншиев 2023 жылғы 30 наурыздан бастап Алматы қалалық мәслихатының төрағасы қызметінде. Ол еңбек жолын 2010 жылы Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында бастаған. Кейін осы басқармада бөлім басшысы, орынбасар, басшы қызметтерін атқарып, әлеуметтік саясат саласында тәжірибе жинақтады.

Сондай-ақ Тұрғын үй саясаты басқармасы басшысының орынбасары, кейін “AMANAT” партиясының Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары және атқарушы хатшысы болды. 2023 жылы партия филиалының төрағасы, әрі Алматы қалалық мәслихатының төрағасы болып сайланды.

Оның әкесі Бауыржан Отыншиев мемлекеттік қызметте ұзақ жыл еңбек етіп, Шымкент және батыс өңірлерде қызмет атқарды. Ол еңбек жолын полиция саласынан бастап, кейін қаржы полициясы қызметімен жалғастырды.

Сартовтар әулеті

Қазақстанның жаңа буын шенеуніктерінің қатарында Қостанай облысы Алтынсарин ауданының әкімі Арнұр Сартов та бар. Ол Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.

Жас шенеунік Көкшетау экономика және менеджмент институтын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған. Кейін “Болашақ” бағдарламасы аясында АҚШ-тағы Syracuse University университетінде білім алып, халықаралық деңгейде тәжірибе жинақтады.

Ал әкесі Марат Сартов Қостанай аудандық мәслихаттың төрағасы қызметін атқарады.

Досмұхамедовтер әулеті

Болат Досмұхамбетов 2025 жылдан бастап “Ural Oil and Gas” ЖШС-нің бас директоры қызметіне тағайындалды. Ол мұнай-газ саласындағы кәсіби жолын халықаралық Weatherfordкомпаниясынан бастап, кейін «Маңғыстаумұнайгаз», «Қазақ мұнай және газ институты», КМГ Kashagan B.V., Total (Франция) және «Исатай Operating Company» сияқты ірі компанияларда басшылық қызметтер атқарған тәжірибелі менеджер.

Ал әкесі Махамбет Досмұхамбетов 2019–2022 жылдары Атырау облысының әкімі болған белгілі мемлекет және қоғам қайраткері. Ол ұзақ жылдар бойы мұнай-газ саласында еңбек етіп, министрлік пен ұлттық компаниялар құрылымында жауапты лауазымдар атқарған.

Dalanews.kz мәліметінше, бүгінгі саяси алаңда «ескі Қазақстанның» мұрагерлері саналатын жаңа буын өкілдерінің бой көрсетуі — елдің саяси жүйесіндегі сабақтастық пен өзгерістің қатар жүріп жатқанын аңғартады. Олар әке жолын жалғап, мемлекеттік қызметтің жаңа бет-бейнесін қалыптастыруға талпынып келеді. Дегенмен қоғам бұл үдерістен әділдік пен ашықтықты күтеді. Уақыт өте келе, билік пен қоғам арасындағы сенімнің жаңа форматы қалыптасып, «жаңа Қазақстан» ұғымының шынайы мәні де осы буынның әрекетімен айқындалмақ.

Оқылып жатыр

Astana Media Week 2025: ЖИ, жаңа заңдар және Қазақстандағы медианың болашағы

«Қызметі үшін баласынан безді»: Түркістан облысының 23 жастағы депутаты Мәжіліс депутатының былығын ашты

Ақтөбе облысында қарулы қақтығысқа қатысушыға қатысты айыптау үкімі шығарылды

Қазақстандықтарға бірінші несиесі мақұлданбайынша келесісін беруге тыйым салынады

Семейде ер адам өзін мүгедек адам ретінде көрсетіп, қайыр сұрап, ақша жинаған

«Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тимур Джумурбаев жетісулық студенттермен кездесті

Соңғы жазбалар

Astana Media Week 2025: ЖИ, жаңа заңдар және Қазақстандағы медианың болашағы

5 Қараша, 2025

Алмалы ауданында жаңа мектеп орындары құрылып, балабақшалар жаңғыртып жатыр

5 Қараша, 2025

Білімге апарар қауіпсіз жол

5 Қараша, 2025

«Қызметі үшін баласынан безді»: Түркістан облысының 23 жастағы депутаты Мәжіліс депутатының былығын ашты

5 Қараша, 2025

Алмалының жаңа келбеті: саябақтар, аулалар мен жаяу жүргіншілер аймағы жаңартылды

5 Қараша, 2025

Ақтөбе облысында қарулы қақтығысқа қатысушыға қатысты айыптау үкімі шығарылды

5 Қараша, 2025

«Бәрі білген, бірақ үндемеген»: Тұрсынбектің тоқалының тойында өнердегі әріптестері де болған

5 Қараша, 2025

Қазақстандықтарға бірінші несиесі мақұлданбайынша келесісін беруге тыйым салынады

5 Қараша, 2025

Ескі элитаның жаңа буыны: өзгеріс пе, әлде жалғастық па?

5 Қараша, 2025

«Түрмедегі күйеуім үйімді сатып жіберген»: Қазақстандық әнші Тоқаевтан көмек сұрады

5 Қараша, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.