Сенат депутаты Марат Қожаевтан Сенаттың жалпы отырысының кулуарында журналистер 5 минуттан артық қыздыруды талап ететін ескі көліктің иелері не істейді деп сұрады, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Сұрақта «Лада», «жигули» сынды көлік екені айтылды.
«Әрине, техникалық жағдайы көңіл көншітпейтін көліктер де бар. Олар уақыт өте келе бұл көліктердің пайдалану мерзімі біткенде, техникалық талаптарға сай келетін жаңаларына ауысады. Ал ескі көліктер белгілі уақыттан кейін қолданыстан шығарылады. Оған дейін егер ережелерді бұзатын болса айыппұл төлейді,- деді Қожаев.