Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
What's Hot

Алматының Алатау ауданында 100 шақырымнан астам жол жаңарды

19 Қараша, 2025

«Өте мейірімді әрі жанқияр қыз болды»: Қосшыда фельдшер Ұлдана Мырзуанды ақтық сапарға шығарып салды

19 Қараша, 2025

Түркістан облысындағы өрт: аман қалған науқастар Астанаға жеткізілуі мүмкін

19 Қараша, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Алматының Алатау ауданында 100 шақырымнан астам жол жаңарды
  • «Өте мейірімді әрі жанқияр қыз болды»: Қосшыда фельдшер Ұлдана Мырзуанды ақтық сапарға шығарып салды
  • Түркістан облысындағы өрт: аман қалған науқастар Астанаға жеткізілуі мүмкін
  • Шиеліден шыққан шу: 37 жастағы жігіт 5 жастағы бүлдіршінді зорлаған
  • «Сөз тауып айту да қиын!»: Ерке Есмахан Жетісайдағы қайғылы оқиға жайлы пікір білдірді
  • Ақтөбе облысының тұрғындары жылдың соңына дейін 100 пайыз таза сумен қамтамасыз етіледі — облыс әкімі
  • «Ешқандай мақтанатын дүние емес»: Актер Еркебұлан Дайыров Қаңтар оқиғасына қатысты пікірі үшін сынға қалды
  • Ақтөбе облысында 2025 жылы 28 ауыл газбен қамтылады
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 19 Қараша
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » Ескі көліктердің түтінін азайту және айыппұлдан қалай сақтануға болады?

Ескі көліктердің түтінін азайту және айыппұлдан қалай сақтануға болады?

30 января, 2025 Жаңалықтар
Фото: depositphotos.com
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Қазақстанда 2024 жылдың 1 қарашасындағы мәлімет бойынша 5 652 355 жеңіл автокөлік тіркелген. Олардың жартысына жуығы – 2 508 597 көлік 20 жылдан астам уақыттан бері жолда жүр. Жасы үлкен автокөліктер қоршаған ортаға көп зиян тигізуі мүмкін. Осыған орай Tengri Auto «Передвижная лаборатория “Ренессанс”» жобасының жетекшісі Қанат Сағынғалиевпен әңгімелесіп, ескі көліктердің иелері экологияға зиянды қалдықтарды қалай азайта алатынын және артық шығындар мен айыппұлдан қалай құтылуға болатынын анықтады.

Ескі көліктегі жоғары шығарындылардың негізгі себептері

Сарапшының айтуынша, әр жағдай әртүрлі. Ең бастысы – автокөлікті дұрыс пайдалану және техникалық ахуалын тұрақты бақылау.

“Автокөлік иелері көліктің техникалық тексерісін уақытылы өткізіп, қажет болған жағдайда тозған бөлшектерді ауыстырып отыруы тиіс. Біз 1999 жылғы көлікке сынақ жасап көрдік. Алғашқы замерлерде зиянды қалдықтар мөлшері белгіленген нормадан әлдеқайда жоғары болды. Содан кейін көлік сервисте жөнделіп, ақаулардың барлығы ретке келтірілді. Қайта өлшеу кезінде автокөлік экологиялық талаптарға сай нәтиже көрсетті”, – дейді Қанат Сағынғалиев.

Бүгінгі таңда елімізде қозғалтқыш пен шығару жүйесіне (выхлопная система) маманданған автосервистердің саны артып келеді. Бұл жүргізушілерге қалыпты экологиялық нормаларды сақтауға көбірек мүмкіндік береді.

Катализаторды ауыстыру vs. тұрақты айыппұл

Көліктегі экологиялық талаптарды сақтау үшін катализатор мен басқа да бөлшектерді уақытылы ауыстырып отыру маңызды.

“Көптеген көлік иелері катализаторды ауыстыру тым қымбат деп ойлайды. Бірақ соңғы екі жыл ішінде мұндай қызмет түрлері артып, қажет бөлшекті 50 мың теңгеден бастап сатып алуға болады. Бұл тұрақты түрде айыппұл төлегеннен әлдеқайда тиімді”, – дейді сарапшы.

Катализаторды уақтылы ауыстыру арқылы тек айыппұлдан ғана емес, сонымен қатар қоршаған ортаға тигізетін зиянды да азайтуға болады.

Айыппұл мөлшері қанша?

2021 жылдың шілдесінен бастап Қазақстанда “Эксплуатация автомототранспортных и других передвижных средств с превышением нормативов (технических нормативов) содержания загрязняющих веществ в выбросах” туралы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 334-бабына сәйкес, “лас” газ шыға­ратын немесе дауысы шамадан тыс үлкен (шулы глушитель) көлік иелеріне айыппұл мөлшері 5 есе өсті.

  • Алғашқы рет тәртіп бұзғанда ескерту берілуі мүмкін немесе 10 АЕК (2025 жылы 1 АЕК = 3 932 теңге, сәйкесінше 10 АЕК = 39 320 теңге) көлемінде айыппұл салынады.
  • Бір жылдың ішінде қайтара тәртіп бұзса, 20 АЕК (78 640 теңге) мөлшерінде айыппұл жазылады.

Қысқы кезеңдегі көлікке күтім

Еске салсақ, көлік сарапшысы Дмитрий Матвеев қыста көлік ресурсын айтарлықтай қысқартатын бірқатар қателіктерді атап өткен болатын. Оның айтуынша, қозғалтқышты дұрыс жылыту, май мен антифриздің сапасын бақылау, уақтылы шиналарды ауыстыру сияқты қарапайым әдеттер көліктің қызмет ету мерзімін ұзартуға және оның экологияға кері әсерін азайтуға көмектеседі.

Ескі автокөліктердің экологияға тигізер зиянын азайту – жүргізушінің көлікке деген жауапкершілігіне байланысты. Техникалық ахуалды үздіксіз бақылап, жылдам тозатын бөлшектерді дер кезінде алмастыру, катализаторды ретке келтіру және шу деңгейін қадағалау арқылы айыппұлдан құтылып қана қоймай, қоршаған ортаға тигізетін зиянды да төмендетуге болады. Қазіргі таңда бұл мәселеге бағытталған қызметтер мен автосервистердің көбеюі, сонымен қатар жөндеу мен бөлшек сатып алудың қолжетімділігі жүргізушілерге оңтайлы шешім ұсынады.

Оқылып жатыр

«Өте мейірімді әрі жанқияр қыз болды»: Қосшыда фельдшер Ұлдана Мырзуанды ақтық сапарға шығарып салды

Түркістан облысындағы өрт: аман қалған науқастар Астанаға жеткізілуі мүмкін

«Сөз тауып айту да қиын!»: Ерке Есмахан Жетісайдағы қайғылы оқиға жайлы пікір білдірді

Ақтөбеде білім мен медицинаға бағытталған ірі жобалар жүзеге асып жатыр — Асхат Шахаров

«Үй өртеніп, 12 адамнан айырылып отырғанда не ақыл отыр»: Депутат Ардақ Назаров тағы да жұртқа жақпай қалды

«Кітап оқитын ұлт»: Қостанай облысынан 55 мыңнан астам адам жобаға қатысуда

Соңғы жазбалар

Алматының Алатау ауданында 100 шақырымнан астам жол жаңарды

19 Қараша, 2025

«Өте мейірімді әрі жанқияр қыз болды»: Қосшыда фельдшер Ұлдана Мырзуанды ақтық сапарға шығарып салды

19 Қараша, 2025

Түркістан облысындағы өрт: аман қалған науқастар Астанаға жеткізілуі мүмкін

19 Қараша, 2025

Шиеліден шыққан шу: 37 жастағы жігіт 5 жастағы бүлдіршінді зорлаған

19 Қараша, 2025

«Сөз тауып айту да қиын!»: Ерке Есмахан Жетісайдағы қайғылы оқиға жайлы пікір білдірді

19 Қараша, 2025

Ақтөбе облысының тұрғындары жылдың соңына дейін 100 пайыз таза сумен қамтамасыз етіледі — облыс әкімі

19 Қараша, 2025

«Ешқандай мақтанатын дүние емес»: Актер Еркебұлан Дайыров Қаңтар оқиғасына қатысты пікірі үшін сынға қалды

19 Қараша, 2025

Ақтөбе облысында 2025 жылы 28 ауыл газбен қамтылады

19 Қараша, 2025

2025 жылы Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдауға 15 млрд теңге бағытталды

19 Қараша, 2025

Дархан Сатыбалды «Алматы–1» вокзалының жаңғыртылу барысын тексерді

19 Қараша, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.