Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

15 Қазан, 2025

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

15 Қазан, 2025

«Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады
  • Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!
  • «Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды
  • Жауапты өндіріс: бизнес пен қоғамның ортақ жауапкершілігі
  • «Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ
  • Айбар Олжай: Қазір кредиттің емес, депозиттің заманы келді
  • Тұман, дауыл, үсік: Еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа-райы сақталады
  • «Тоқаевтың тапсырмасын пайдаланған депутат миллиардер атанды»: ШҚО көпір салған компания басшысы қыруар ақшаға қалай кенелді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Фристайлдан Шымбұлақтағы әлем чемпионаты: Қазақстан командасынан екі спортшы жүлдеге ілінді    

9 января, 2025 Спорт
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

«Могул», «параллель могул» және «командалық параллель могул» бойынша «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортында өтіп жатқан Әлем чемпионатының үшінші күні Қазақстан командасы екінші орынды иеленді, деп хабарлайды Todayinfo.

7 және 8 қаңтарда «могул» және «параллель могул» жарыстары өтсе, бүгін спортышлар командалық параллель могулдан жүлдеге таласты. «Командалық параллель могул» бойынша Қазақстанның атынан Виктория Кузнецова – Алексей Дегтярёв, Юлия Феклистова – Денис Раструба, Юлия Мокина- Даниил Коротков,  Анастасия Ларионова- Ильнар Ибрагимов, Анастаия Городко-Семен Русаков бастаған бес жұп жарыс жолына шыққан. Алайда Юлия Феклистова мен Денис Раструба ғана жүлдеге ілініп, командалық есепте екінші орын иеленді.

«10 қаңтар шаңғы акробатикасы, 11 қаңтар командаляқ шаңғы акробатикасы жарыстары өтеді. Анастасия Городко «могул» бойынша фристайлдан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында күміс медаль, ал «пареллель могул» бойынша алтын медаль жеңіп алды. Анастасия – қыздар арасындағы мықты спортшы. Ол 2024 жылы Италиядағы жасөспірімдер арасындағы чемпионатта «могул» және «параллель могул» бойынша алтын және күміс медальдарды иеленді. Осы маусымда Әлем кубогы Кезеңдерінде бірнеше рет топ 10-дыққа кірді», — деп хабарлады «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортының баспасөз қызметі.

Қазақстан қазіргі уақытта Әлем Кубогының жалпы рейтингінде 14-ші орында тұр.Шымбұлақтағы жалпыкомандалық есепте Жапония бірінші орында, Франция командалары екінші орында тұрса, одан кейінгі қатарда Оңтүстік Кореяның спортшылары жайғасқан.

Жарысқа 14 пен 20 жас аралығындағы 13 елдің үздік жас спортшылары қатысып жатыр.Курортқа Германия, Италия, Қазақстан, Канада, Қытай, АҚШ, Украина, Франция, Чехия, Швейцария, Швеция, Оңтүстік Корея және Жапониядан 110-нан астам спортшы келген.

«Бұл жәй ғана спорттық шара емес. Біз курортымызда Әлем чемпионатын өткізетінімізді мақтан етеміз. Бұл – Алматының қысқы спорт түрлерінің халықаралық орталығы статусын бекітуге маңызды қадам. Осындай халықаралық жарыстарды өткізудің арқасында соңғы жылдары Алматы көптеген ел үшін жаттығу базасына айналды. Жарыстың арқасында Алматы әлемнің түкпір-түкпірінен туристерді тартатын орталыққа айналып жатыр. Алматы мен Қазақстанның спорттық имиджін өсіріп, осындай ауқымды шараны өткізу Алматының әлемдік деңгейдегі инфрақұрылымы бар заманауи спорттық орталық ретіндегі беделін бекіте түседі», — делінген хабарламада.

10 қаңтарда шаңғы акробатикасы, 11 қаңтарда – командалық шаңғы акробатикасы өтеді.

 

Оқылып жатыр

17 жастағы боксшының денесі табылды: Оның әкесі де жұмбақ жағдайда қаза тапқан

«Уақытым жоқ»: «Барыстың» бас бапкері қазақ тіліне қатысты пікір білдірді

Темірлан Анарбеков те білім гранты иегері атанды

«Мына халық Темірланды тез ұмытқанын қарашы»: Белгілі журналист жанайқайын жеткізді

«Шағын сыйлық»: Танымал қазақстандық кәсіпкер Шерхан Қалмұрзаға көлік сыйлады (ВИДЕО)

«7 сейв, Мбөпе және Мбаппенің қобалжуы»: «Қайрат» қақпашысы Шерхан Қалмұрза әлем назарына ілікті

Соңғы жазбалар

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

15 Қазан, 2025

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

15 Қазан, 2025

«Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды

15 Қазан, 2025

Жауапты өндіріс: бизнес пен қоғамның ортақ жауапкершілігі

15 Қазан, 2025

«Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ

15 Қазан, 2025

Айбар Олжай: Қазір кредиттің емес, депозиттің заманы келді

15 Қазан, 2025

Тұман, дауыл, үсік: Еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа-райы сақталады

15 Қазан, 2025

«Тоқаевтың тапсырмасын пайдаланған депутат миллиардер атанды»: ШҚО көпір салған компания басшысы қыруар ақшаға қалай кенелді

15 Қазан, 2025

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

14 Қазан, 2025

«Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.