«Могул», «параллель могул» және «командалық параллель могул» бойынша «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортында өтіп жатқан Әлем чемпионатының үшінші күні Қазақстан командасы екінші орынды иеленді, деп хабарлайды Todayinfo.
7 және 8 қаңтарда «могул» және «параллель могул» жарыстары өтсе, бүгін спортышлар командалық параллель могулдан жүлдеге таласты. «Командалық параллель могул» бойынша Қазақстанның атынан Виктория Кузнецова – Алексей Дегтярёв, Юлия Феклистова – Денис Раструба, Юлия Мокина- Даниил Коротков, Анастасия Ларионова- Ильнар Ибрагимов, Анастаия Городко-Семен Русаков бастаған бес жұп жарыс жолына шыққан. Алайда Юлия Феклистова мен Денис Раструба ғана жүлдеге ілініп, командалық есепте екінші орын иеленді.
«10 қаңтар шаңғы акробатикасы, 11 қаңтар командаляқ шаңғы акробатикасы жарыстары өтеді. Анастасия Городко «могул» бойынша фристайлдан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында күміс медаль, ал «пареллель могул» бойынша алтын медаль жеңіп алды. Анастасия – қыздар арасындағы мықты спортшы. Ол 2024 жылы Италиядағы жасөспірімдер арасындағы чемпионатта «могул» және «параллель могул» бойынша алтын және күміс медальдарды иеленді. Осы маусымда Әлем кубогы Кезеңдерінде бірнеше рет топ 10-дыққа кірді», — деп хабарлады «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортының баспасөз қызметі.
Қазақстан қазіргі уақытта Әлем Кубогының жалпы рейтингінде 14-ші орында тұр.Шымбұлақтағы жалпыкомандалық есепте Жапония бірінші орында, Франция командалары екінші орында тұрса, одан кейінгі қатарда Оңтүстік Кореяның спортшылары жайғасқан.
Жарысқа 14 пен 20 жас аралығындағы 13 елдің үздік жас спортшылары қатысып жатыр.Курортқа Германия, Италия, Қазақстан, Канада, Қытай, АҚШ, Украина, Франция, Чехия, Швейцария, Швеция, Оңтүстік Корея және Жапониядан 110-нан астам спортшы келген.
«Бұл жәй ғана спорттық шара емес. Біз курортымызда Әлем чемпионатын өткізетінімізді мақтан етеміз. Бұл – Алматының қысқы спорт түрлерінің халықаралық орталығы статусын бекітуге маңызды қадам. Осындай халықаралық жарыстарды өткізудің арқасында соңғы жылдары Алматы көптеген ел үшін жаттығу базасына айналды. Жарыстың арқасында Алматы әлемнің түкпір-түкпірінен туристерді тартатын орталыққа айналып жатыр. Алматы мен Қазақстанның спорттық имиджін өсіріп, осындай ауқымды шараны өткізу Алматының әлемдік деңгейдегі инфрақұрылымы бар заманауи спорттық орталық ретіндегі беделін бекіте түседі», — делінген хабарламада.
10 қаңтарда шаңғы акробатикасы, 11 қаңтарда – командалық шаңғы акробатикасы өтеді.