Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Дер кезінде көрсетілген медициналық көмек зейнеткерді жіті инсульт пен мүгедектіктен сақтап қалды

24 Қыркүйек, 2025

Түркістан облысы аумағында «Қауіпсіз жол» акциясы өтіп жатыр

24 Қыркүйек, 2025

Перизат Қайрат пен оның анасының ісі сотта қайта қаралып жатыр

24 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Дер кезінде көрсетілген медициналық көмек зейнеткерді жіті инсульт пен мүгедектіктен сақтап қалды
  • Түркістан облысы аумағында «Қауіпсіз жол» акциясы өтіп жатыр
  • Перизат Қайрат пен оның анасының ісі сотта қайта қаралып жатыр
  • Атырауда «Saraishyq Upgrade — 2025» халықаралық жастар форумы басталды
  • Алматылық ортопедтер иығы 13 рет шығып кеткен науқасқа күрделі ота жасады
  • «Қазақтың жігіттері мықты болса қыздар көшеде жүрмес еді»: Бекболат Тілеухан жігіттер туралы ащы шындықты айтты
  • Атырауда ер адам балалар алаңында 9 жасар баланы аяусыз ұрып-cоққан
  • «1 миллион теңге»: Алыпсатарлар «Қайрат» – «Реал Мадрид» матчының билеттерін желіде саудалап жатыр
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 24 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Футбол ойнаған: Алматылық ортохирургтар жігіттің аяғын аман алып қалды

27 ноября, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

30 жастағы ер адам бұлшық еттері ауырып, аяқтарын жаза алмай қалғаннан кейін барып Алматыдағы №7 Қалалық клиникалық ауруханаға жүгінген. Айтуынша, осыдан 3 ай бұрын футбол алаңында тізесін жарақаттап алған. Дәрігерге бармай, үйде өз бетінше қабылдаған консервативті ем еш нәтиже бермеген.

№7 ҚКА баспасөз қызметі хабарлауынша, футбол ойнаған жігіт мүгедек болып қала жаздаған.

«Доп ойнап жүргенде науқас жүрелеп отырып, аяқты бірден созбақ болған. Сол кезде аяғы кілт етіп буыны блокқа түсіп қалған. Пациент «Медиалды менисктің үзілуі, тізе буынының блокқа түсуі, бұлшық еттің ауырсыну синдромы» деген диагнозбен ауруханаға жатқызылды. Менисктің үзіліп кеткенін МРТ да растады. Науқасқа МӘМС қаражаты есебінен ота жасалды. Оған органды сақтап қалуға бағытталған – тізе буынының артроскопиясы деп аталатын ота жасалып, медиалды менискке іш жағынан 4 тігіс салынды. Мениск түзетіліп, қайта тігілді», — дейді аурухананың Ортохирургия бөлімшесі меңгерушісі Арнат Байзақов.

Дәрігерлердің біліктілігінің арқасында ота сәтті өтті. Бірақ мамандар дер кезінде медициналық көмекке жүгінбеудің салдары ауыр болуы мүмкін екендігін де жоққа шығармайды.

«Қимыл-қозғалыс аппараты зақымданып, жарақат алған жағдайда бірден дәрігерге қаралмаса қауіп күшейеді. Себебі мұндай жарақаттар салдарынан науқас өз бетінше жүріп-тұру бақытынан айырылып қалуы әбден мүмкін. Сондықтан емшілерге барып немесе «Гугл дәрігерге» сүйеніп өз бетінше емделуден сақтанған дұрыс», — дейді Арнат Байзақов.

Оқылып жатыр

Дер кезінде көрсетілген медициналық көмек зейнеткерді жіті инсульт пен мүгедектіктен сақтап қалды

Перизат Қайрат пен оның анасының ісі сотта қайта қаралып жатыр

Алматылық ортопедтер иығы 13 рет шығып кеткен науқасқа күрделі ота жасады

«Қазақтың жігіттері мықты болса қыздар көшеде жүрмес еді»: Бекболат Тілеухан жігіттер туралы ащы шындықты айтты

Атырауда ер адам балалар алаңында 9 жасар баланы аяусыз ұрып-cоққан

«Терезеден аңдып тұрып, іш киімін шешкен»: Қазақстанда алғаш рет сталкинг бойынша іс қозғалды

Соңғы жазбалар

Дер кезінде көрсетілген медициналық көмек зейнеткерді жіті инсульт пен мүгедектіктен сақтап қалды

24 Қыркүйек, 2025

Түркістан облысы аумағында «Қауіпсіз жол» акциясы өтіп жатыр

24 Қыркүйек, 2025

Перизат Қайрат пен оның анасының ісі сотта қайта қаралып жатыр

24 Қыркүйек, 2025

Атырауда «Saraishyq Upgrade — 2025» халықаралық жастар форумы басталды

24 Қыркүйек, 2025

Алматылық ортопедтер иығы 13 рет шығып кеткен науқасқа күрделі ота жасады

24 Қыркүйек, 2025

«Қазақтың жігіттері мықты болса қыздар көшеде жүрмес еді»: Бекболат Тілеухан жігіттер туралы ащы шындықты айтты

24 Қыркүйек, 2025

Атырауда ер адам балалар алаңында 9 жасар баланы аяусыз ұрып-cоққан

24 Қыркүйек, 2025

«1 миллион теңге»: Алыпсатарлар «Қайрат» – «Реал Мадрид» матчының билеттерін желіде саудалап жатыр

24 Қыркүйек, 2025

«Терезеден аңдып тұрып, іш киімін шешкен»: Қазақстанда алғаш рет сталкинг бойынша іс қозғалды

24 Қыркүйек, 2025

Жындыханада жатыр: Маңғыстаудағы сарбазға қатысты тың дерек шықты

24 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.