Футзалдан «Синмото» клубының қақпашысы Антониу Эдсон матч барысында есінен танып, қайтыс болды. 38 жастағы спортшыға дәрігерлер барлық қажетті көмекті көрсеткенімен, оның өмірін аман алып қалу мүмкін болмаған, деп хабарлайды Todayinfo.
Қайғылы оқиға Аугусту Корреа қаласында өткен кездесуде тіркелді. Пенальтиді тойтарғаннан кейін Эдсон бірнеше қадам жасап, әріптестеріне бара жатқан сәтте кенеттен құлап түскен.
Ойыншылар мен медициналық қызметкерлер алғашқы көмекті дер кезінде көрсетіп, қақпашыны ауруханаға жеткізді. Алайда дәрігерлердің бар күш-жігеріне қарамастан, ол есін жимастан көз жұмды.
Фото: видеодан скрин