Газа секторындағы гуманитарлық жағдай күн сайын күрделене түсуде. Қазіргі таңда шамамен 2 миллион адам ешқандай табыс көзінсіз өмір сүріп жатыр. Билік азық-түлік қажеттіліктерін гуманитарлық көмексіз қамтамасыз ете алмай отыр, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы дағдарыстың тереңдеуіне алаңдаушылық білдіріп, анклавта азық-түлік қорының күрт азайып, өмір сүруге қажетті ресурстардың жетіспеушілігі қатты сезілетінін мәлімдеді. Ұйымның коммюникесінде айтылғандай, бұл қиын ахуал Израильдің шекара өткелдерін жабуынан басталған, әрі бұл Газа секторына қажетті азық-түліктің жеткізілуіне кері әсерін тигізуде. Газа тұрғындары үздіксіз әрі тұрақты азық-түлік ағынына мұқтаж болып отыр. Қақтығыс басталғандарға дейін мұнда 2-ден 2,5 миллионға дейін адам өмір сүрген болатын.
18 наурызда Израиль армиясы Газа секторындағы әскери әрекеттерді қайта бастады. Қаңтарда орнатылған атысты тоқтату режимі бұзылғаннан кейін, анклавқа жаппай соққылар жасалды. Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың кеңсесі бұл әрекетті радикалды палестиналық ХАМАС қозғалысының АҚШ президентінің арнайы өкілі Стивен Уиткофф ұсынған ұсыныстарды қабылдамауымен түсіндірді. Мақсат барлық тұтқынды босату екені айтылды. Ал ХАМАС болса Израиль мен АҚШ-ты кінәлап отыр.
Еске сала кетсек, анклавта екі күн ішінде 90-нан астам адам қаза тапты.