Белгілі боксшы, қазіргі таңда Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин спорт саласындағы құрметті доктор атағына ие болды. Бұл марапат спортшының халықаралық аренадағы беделі мен еліміздің спорт саласына қосқан үлесі үшін берілді.
Марапатты иелену сәтінде Геннадий Головкин бұл атақты өзінің жеке жетістігімен қатар, Қазақстанның халықаралық деңгейдегі абыройын арттыру жолындағы еңбегінің бағалануы ретінде қабылдайтынын атап өтті.
«Құрметті доктор атағының берілуін мен өзімнің жеке жетістігімнен бөлек, Қазақстанды халықаралық деңгейде ілгерілету жолындағы ұмтылыстарым мен еңбегіме көрсетілген зор сенім мен жоғары бағалаудың белгісі ретінде қабылдаймын. Спорттағы жолымды жаңа қырынан жалғастыру мүмкіндігіне ие болу — мен үшін үлкен мәртебе», – деді ол.