Бүгін Астана қаласының аспанынан саған шамамен 22:00 шамасында белгісіз нысан ұшып өтті, деп хабарлайды Todayinfo.
Тұрғындар камераға түсіріп, желіге видеолар жүктеді. Оның әзірге не екені белгісіз.
Мұндай ерекше құбылыс тек елордада ғана емес, Қарағанды, Теміртау, Шымкент, Бурабай, тіпті Бішкек пен Ташкент қалаларында да байқалған.
Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасы аумағында әуе кеңістігінің бұзылу фактілері тіркелмегенін мәлімдеді.
«Жағдай тиісті қызметтердің толық бақылауында. Халыққа ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.
Аталған құбылыс атмосфераға еніп жатқан ғарыштық аппараттардың қалдықтарына немесе метеор ағынына ұқсайды. Мұндай нысандар, әдетте, атмосфераның тығыз қабаттарында жанып кетіп, жерге жетпейді.
Азаматтардан сабыр сақтауды және расталмаған ақпарат таратпауды сұраймыз. Құзырлы органдар бұл құбылысты зерттеп жатыр және қажет болған жағдайда ресми түсініктеме береді»,- деді ведомстводан.