Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады

15 Қазан, 2025

Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?

15 Қазан, 2025

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады
  • Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?
  • «Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады
  • Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!
  • «Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды
  • Жауапты өндіріс: бизнес пен қоғамның ортақ жауапкершілігі
  • «Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ
  • Айбар Олжай: Қазір кредиттің емес, депозиттің заманы келді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Григорий Марченко: Теңгенің девальвациясына биліктің қателіктері әсер етті

12 декабря, 2024 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Ұлттық Банктің бұрынғы төрағасы Григорий Марченко «Купол юрты» YouTube арнасына берген сұхбатында Қазақстанда орын алған ірі девальвациялардың себептері мен олардың экономикаға әсері туралы мәлімдеме жасады. Бұл туралы Todayinfo ақпарат агенттігі хабарлайды.

1994 жылғы теңгенің алғашқы құлдырауы

Марченконың айтуынша, Қазақстандағы ең үлкен девальвация 1994 жылдың ақпанында болды. Сол кезде теңгенің долларға шаққандағы бағамы 3,5 есе әлсіреп, 11-ден 40 теңгеге дейін өскен. Ол бұл девальвацияның негізгі себебі ретінде үкіметтің қате шешімін атап өтті.

«Сол кездегі премьер-министр Сергей Терещенко бастаған үкімет президент Нұрсұлтан Назарбаевты «межзачет» жүргізуге көндірді. Яғни, Ұлттық Банк көп ақша басып шығарып, оны кәсіпорындарға таратады, ал олар бір-біріне қарыздарын өтейді,» – дейді Марченко.

Алайда, ол кезде Ұлттық Банк бұл шешімге қарсы болғанымен, реттеушінің тәуелсіздігі шектеліп, салдарынан маусым айында инфляция 46,5%-ға жетті. Марченко бұл жағдайды «ең қате макроэкономикалық шешім» деп атады.

2014-2015 жылдардағы девальвациялар

Марченко 2014-2015 жылдары орын алған үш девальвацияға да тоқталды. Оның пікірінше, 2014 жылғы ақпандағы теңге құнсыздануы бірқатар ірі экспорттаушы компаниялардың мүддесіне байланысты болды. Ол «Казахмыс», «Казцинк» және Metal Steel компанияларын атады.

«Бұл девальвация 2013 жылы жоспарланған еді. Сол кездегі премьер-министр Серік Ахметовтің Metal Steel компаниясына көмек көрсету жөніндегі іс-қимыл жоспары болды. Бұл жоспарда алтыншы тармақта девальвация көзделген болатын. Біз Нацбанк ретінде қарсы шығып, президентті көндірдік. Бірақ мен қазан айында қызметтен кеткеннен кейін, девальвация орын алды,» – деді Марченко.

Сонымен қатар, ол 2014 жылдың желтоқсанында Ресейде болған 50%-дан аса девальвацияны еске салды. Қазақстан билігі сол уақытта ұлттық валютаның бағамын ұстап тұру үшін $23 млрд резерв жұмсаған. Алайда, бұл шешім қазақстандық тауарлардың екі есе қымбаттауына әкеліп, отандық өндірушілерге үлкен шығын келтірді. Ақыр соңында, келесі девальвация 2015 жылдың тамызында болды.

Теңге бағамын «ұстаған» Нацфонд

Марченконың айтуынша, қазіргі 500 теңге бағамы әлдеқайда ертерек қалыптасуы мүмкін еді. Бірақ теңгені қолдау үшін Ұлттық Банк «Нацфондтың нефтедолларын» пайдаланған.

Бастапқыда Ұлттық Қордың қаражатын жинақтап, пайдаланбау көзделген. Алайда, елдің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұл қаражатты жұмсау туралы шешім қабылдаған.

«Ұлттық Қор активтерін сату арқылы валюта елге келіп, оны Ұлттық Банк тікелей сатып алып, Қаржы министрлігіне бюджетке аударатын. Кейінірек бұл валютаны нарықта сату туралы шешім қабылданды. Егер жылына $5-6 млрд қосымша нарыққа шығарылмаса, теңгенің бағамы 500 теңгеге әлдеқайда бұрын жететін еді,» – деді Марченко.

 

Григорий Марченко макроэкономикалық қателіктер Нацфонд теңге девальвациясы Қазақстан экономикасы Ұлттық Банк

Оқылып жатыр

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

«Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ

«Қарияны зат сияқты лақтырған»: Алматыда Қарттар үйіндегі адамға қызметкер адамшошырлық қатігездік көрсеткен

Иранда су таусылды. Қазақстанда да осындай жағдай қайталануы мүмкін бе?

«17 адам байып, елдің 80%-ы кедейленді»: сарапшы доллардың 600 теңге болуы жайлы болжам жасады

Қызмет алушылар құқығы басты назарда

Соңғы жазбалар

«Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады

15 Қазан, 2025

Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?

15 Қазан, 2025

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

15 Қазан, 2025

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

15 Қазан, 2025

«Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды

15 Қазан, 2025

Жауапты өндіріс: бизнес пен қоғамның ортақ жауапкершілігі

15 Қазан, 2025

«Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ

15 Қазан, 2025

Айбар Олжай: Қазір кредиттің емес, депозиттің заманы келді

15 Қазан, 2025

Тұман, дауыл, үсік: Еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа-райы сақталады

15 Қазан, 2025

«Тоқаевтың тапсырмасын пайдаланған депутат миллиардер атанды»: ШҚО көпір салған компания басшысы қыруар ақшаға қалай кенелді

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.