Грузия президенті Михаил Кавелашвили инаугурациядан кейін 613 тұтқынды кешірді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ол Facebook парақшасында хабарлады.
Мәлімдемеде «кешірім жасалғандарға отбасыларына оралып, қоғамның толыққанды мүшесі болуға мүмкіндік берілді» делінген. Президент Крещение мерекесіне байланысты сотталғандарға кешірім бергені айтылған.
Михаил Кавелашвили 29 желтоқсанда ресми түрде Грузия президенті қызметіне кірісіп, ант қабылдаған еді. Оның инаугурациясы жалғасып жатқан наразылықтар аясында өтті. Саясаткер өзінің алғашқы көпшілік алдында сөйлеген сөзінде елдің еуроинтеграция бағыты жалғасатынын айтты.