photo: Sputnik / Stringer
Грузияның бұрынғы президенті Саломе Зурабишвили Мюнхендегі қауіпсіздік конференциясынан оралғаннан кейін Тбилисидің халықаралық әуежайында жұмыртқамен шабуылға ұшырады, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
«Зурабишвили жақында анонимді белсенділер тобының (зондерлер) нысанасына айналды. Ол Мюнхен конференциясынан қайтып келе жатқанда, Тбилиси әуежайында жұмыртқамен атқылауға тап болды», – деп мәлімдеді телекомпания.
Бұған дейін дәл осындай оқиға Грузияның экс-премьер-министрі, «Грузия үшін» оппозициялық партиясының жетекшісі Георгий Гахарияның басынан өткен. Ол да Мюнхен конференциясынан оралғанда әуежайда белгісіз адамдар тарапынан жұмыртқаға ұшыраған.
Әлеуметтік желілерде тараған видеода Гахарияны «шетел агенті» және «отан сатқыны» деп айыптаған. Оппозициялық саясаткерге қарсы бұл әрекеттің себебі ретінде USAID ұйымының Грузиядағы кейбір жобаларын тоқтатуымен байланысты деген пікірлер айтылуда.
«Грузия үшін» партиясы әуежайдағы оқиға кезінде полиция қызметкерлерінің әрекетсіздігіне наразылық білдірді.