Фото: https://www.instagram.com/gulziraaidarbekova/
Қайрат Нұртастың анасы, танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова өзін ерекше ықыласпен күтіп алған кіші келініне алғысын білдірді, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
«Жылы ұяның қадірін білу үшін ұзақ жолға шық. Келіндеріме әзілдеп, егер де мені шын сағынсаңдар, арнайы не дәм дайындадыңдар – дастарханға қарап білетін боламын деп айтқан болатынмын. Әзірге қолдан ыстық нан, бауырсақ, шайға қолдың сүтінен бастап, салаттарға дейін өз қолдарымен дайындап күтіп жүр. Лайым осы қалпынан таймасын деп тілейік. Күлімдеп келінің жылы қабақпен күтіп жатса, үйдің шамшырағы емей немене?! Келінжан, ата-енеге деген құрметің өзіңе еселеп қайтуын нәсіп етсін, Индира», – деп жазды продюсер Instagram stories-те.
Гүлзира Айдарбекова келінінің ата-енеге деген құрметін жоғары бағалап, оның бұл әрекеті үлгі боларлық екенін атап өтті.