Фото: Тodayinfo
Алматы хайуанаттар бағын басқа қалаға көшіру жоспарланбаған, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы Алматы қаласының Мәдениет басқармасына сілтеме жасап.
Алматы қаласының Мәдениет басқармасы Алматы хайуанаттар бағының жұмысына қатысты былай деп хабарлайды:
Алматы хайуанаттар бағы жұмысын бұрынғы жерде жалғастырып келеді, басқа қалаға көшіру жоспарда жоқ.
Алматы қаласының аумағын дамыту жоспары аясында хайуанаттар бағын халықаралық стандарттарға сәйкес зоогеографиялық қағида бойынша жаңғырту мен реконструкциялау көзделген.
Биыл жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша байқау жариялау жоспарланған. Реконструкциялау жұмыстары кезең-кезеңімен 2028 жылға дейін жүзеге асырылады.
Жоспарланған реконструкциялау аясында жүргізілетін жұмыстар жануарларды ұстау жағдайын айтарлықтай жақсартып, хайуанаттар бағына келушілер үшін жайлылық деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.