Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

14 Қазан, 2025

«Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды

14 Қазан, 2025

Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған
  • «Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды
  • Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды
  • «Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы мектепте босанды
  • «Қоғамдық көлікте жүру ақысы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе»: Үкімет атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді
  • Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя
  • Тоқаев бұрынғы Денсаулық сақтау министрін кеңесшісі етіп тағайындады
  • «Қазақстан «мамбеттерімен» танымал»: Қарағандыда даулы пікір қалдырған кәсіпкердің соты басталды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Халық жаппай бойкот жариялады: Magnum клиентке «қазақша сөйле» деген курьерін жұмыстан шығарып жіберді

5 апреля, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Әлеуметтік желіде Асылхан есімді азамат Magnum сауда желісі арқылы азық-түлікке тапсырыс бергенін, оны жеткізген курьердің өзінен қазақша сөйлеуді талап еткенін айтады. Осыдан кейін ол пост жазған. Мұны көрген компания басшылығы қызметкерді жұмыстан шығарған, деп хабарлайды Todayinfo  Qaz365.kz— ке сілтеме жасап.

«Мен шағым түсірмедім. Бірақ постымды оқып, курьерді жұмыстан шығарыпты. Енді қайта кіре алмайтын болған», — дейді желі қолданушысы.

Осыдан кейін Facebook-те резонанс басталды. Руслан Түсіпбеков есімді белсенді бұл мемлекеттік  тілге жасалған қастандық екенін айтқан.

«Бір қазақ екінші қазақты қазақша сөйле деп ренжітті. Соңғысы жұмыстан қуылды. Біріншісі өкінетін сияқты, бірақ Magnum компаниясының логистикалық директорының өзі хабарласып, мәселені шешкеніне өте қуанышты.Міне, Тәуелсіздіктің 34-ші жылында Ұлы далада болып жатқан жайттар осындай. Мысалы, Ресейдегі жағдайды елестетіп көріңіз. Ресейде орыс тілінде сөйлеуді сұраған курьерді жұмыстан шығару – қоғамда үлкен резонанс туғызар еді. Бұл жағдайда Ресейде, ресми тіл — орыс тілі болғандықтан, қызметкерлердің ресми тілде сөйлесуге құқығы бар деп саналады. Мемлекеттік тілде сөйлесуді талап еткен қызметкерді еш жерде жұмыстан шығаруға жол берілмейді. Бізге оңай! Осыдан кейін бізді кім сыйлайды?»- дейді Руслан Түсіпбеков.

Бұл постқа Magnum өкілі жауап беріпті.

«Біз өз жұмысымызда Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа аламыз. Мемлекетіміздің Конституциясына сәйкес: «Мемлекеттік ұйымдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, және ұйымдарда орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады».Біз адамдарды ұлтына қарай бөлмейміз және барлық сатып алушыларымызға бірдей қамқорлық жасаймыз. Біз жұмысымыз барысында сатып алушыларды тәрбиелемеуіміз және оларға мәдени немесе басқа да дүниетанымдық талаптар қоймауымыз керек. Сондықтан біз қызметкерімізді сөйлесу тілі үшін емес, сатып алушымен қарым-қатынас жасау мәнері, жұмыс орнындағы лауазымды асыра сілтеп пайдаланғаны үшін жұмыстан босаттық», — дейді компания өкілі.

Желіде қоғам қайраткерлері Magnum сауда желісіне жаппай бойкот жариялап жатыр.

«Бойкотқа қосыл: Magnum Cash&Carry-ге бармаймын, оннан ешқандай зат
алмаймын!» деген сөйлеммен журналист Дина Елгезек, кәсіпкер Шыңғыс Мұқан секілді азаматтар халықты науқанға қосылуға шақырды.

жұмыстан қуу курьер Магнум қазақ тілі

Оқылып жатыр

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

«Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды

Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды

«Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы мектепте босанды

«Қоғамдық көлікте жүру ақысы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе»: Үкімет атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді

Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя

Соңғы жазбалар

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

14 Қазан, 2025

«Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды

14 Қазан, 2025

Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды

14 Қазан, 2025

«Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы мектепте босанды

14 Қазан, 2025

«Қоғамдық көлікте жүру ақысы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе»: Үкімет атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді

14 Қазан, 2025

Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя

14 Қазан, 2025

Тоқаев бұрынғы Денсаулық сақтау министрін кеңесшісі етіп тағайындады

14 Қазан, 2025

«Қазақстан «мамбеттерімен» танымал»: Қарағандыда даулы пікір қалдырған кәсіпкердің соты басталды

14 Қазан, 2025

Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

14 Қазан, 2025

Димаш Құдайберген Мексикада сәбидің тұсауын кесті

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.