Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Ақмола облысында апатты мектептің орнына жаңа мектеп салынды

23 Қазан, 2025

ЕО 19-шы санкциялар пакетін қабылдады, ішінде қазақстандық банктер бар

23 Қазан, 2025

«Халыққа пайдам тигеніне қуанамын» : су саласының мамандары сұхбат берді

23 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Ақмола облысында апатты мектептің орнына жаңа мектеп салынды
  • ЕО 19-шы санкциялар пакетін қабылдады, ішінде қазақстандық банктер бар
  • «Халыққа пайдам тигеніне қуанамын» : су саласының мамандары сұхбат берді
  • Қордайда «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында екі жаңа білім ошағы ашылды
  • ТШО-дағы дау: ФБР Теңіздегі 100 миллион долларлық коррупция туралы шағымды қабылдады
  • Ұлытау облысында Президент Жолдауын жүзеге асыру мәселелері талқыланды
  • Батыс Қазақстанда ұшқышсыз ұшатын аппарат құлады
  • МӘМС 1 триллион теңгені депозитте «тұздап» отыр: Депутат ауруханалардағы қаржы тапшылығын сынады
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жұма, 24 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

«Халыққа пайдам тигеніне қуанамын» : су саласының мамандары сұхбат берді

23 Қазан, 2025 Ақпарат комитеті
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында кәсібилік пен еңбекқорлықты қоғамдағы ең жоғары құндылық ретінде атаған еді. Еліне жаны ашитын әр азамат өз саласының жауапкершілігін терең сезініп, ісін сапалы орындаған кезде ғана мемлекет дамып, көркейе түседі. Бұл қағида күнделікті өмірде қарапайым еңбек адамдарында айқын көрінеді. Todayinfo ақпараттық агенттігінің тілшісі жаздың аптап ыстығына, қыстың қақаған аязына қарамастан тұрғындарға үздіксіз су жеткізіп, қала инфрақұрылымның тұрақты жұмысын қамтамасыз етіп жүрген мамандармен сұхбаттасты.

Дмитрий Литвинов осы салада 30 жылдан астам уақыт бойы еңбек етіп келеді.

«Мектеп бітірген соң газоэлектрлік дәнекерлеуші мамандығы бойынша техникумға түстім. Ата-анам мен бауырым су жүйесінде жұмыс істейтіндіктен, мен де сол жерден еңбек жолымды бастадым. Жұмыс ұнады, училищені тәмамдадым. Он жеті жасымнан бері осы саладамын», — дейді ол.

Маман кез келген қызмет әуелі елге пайда әкелуі керегін айтады.

«Біз вентильдерді ауыстырамыз, су құбырларын жөндеп, жер қазып апаттарды жоямыз. Мұнда дұрыс техникалық шешім қабылдау өте маңызды, сондай-ақ әріптестермен сыйластық та басты рөл атқарады. Мен жұмысыма тек табыс көзі ретінде қарамаймын. Адамдарға пайдалы болғаныма қуанамын. Жастарға кеңесім, қарапайым еңбектен қорықпасын. Қандай мамандық болса да, адал еңбекпен келген нанның тәтті екенін білсе деймін», — дейді Дмитрий.

Дмитрий Литвинов 1993 жылдан бері Жетісу аудандық пайдалану учаскесінде 5 разрядты слесарь ретінде қызмет атқарып келеді. Ол өз жұмысында жауапкершілігімен, тәртібімен және бастамашылдығымен ерекшеленген қадірлі маман.

Дмитрий Литвиновтың әріптесі Дүнесбай Аханаев та 1997 жылдан бері қала су жүйесінде еңбек етеді. Оның басты міндеті — кез келген авариялық жағдайды жедел шешіп отыру.

«Біздің ұжымда бірнеше бригада бар, әрқайсысында он адам шамасында жұмыс істейді. Жұмыс жеңіл емес, қажет болса түнде де шығып жөндейміз. Бірақ ең бастысы — кәсібіңді сүйіп, оны адал атқарсаң, жемісін де көресің. Осы қызметім қалаға, халыққа пайдасын тигізіп жатыр деп ойлаймын», — дейді маман.

Дүнесбай Аханаев ұжымдағы достық пен сыйластықты да ерекше атап өтті.

«Кейде кикілжіңдер болады, бірақ ұжымның бірлігі мықты. Біз бір-бірімізге қолдау көрсетеміз, тәжірибемізді бөлісеміз», — дейді ол.

Дүнесбай Аханаев қазіргі кезде Түрксіб аудандық пайдалану учаскесінің бригадирі болып жұмыс істейді. Ол жас мамандарға өз тәжірибесін бөлісуден ешқашан аянған емес. Үнемі төтенше жағдайларда жылдам әрі дұрыс шешім қабылдай алатын, ұыжымында беделі артқан маман.

Айта кетейік, екі маман да су саласындағы көп жылғы адал еңбегі мен кәсіби шеберлігі үшін«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған болатын.

Фото: depositphotos.com

Оқылып жатыр

Қазақстанның көпвекторлы саясаты: тұрақтылық пен теңгерімнің формуласы

Қазақстандағы азаматтық қоғамның жаңа кезеңі: 104 грант бөлініп, 27 мың игі іс жасалды

EbitDaddy: Қазақстандық ЖИ-стартап Astana Hub-та өткен Google чемпионатын жеңіп алды

Астаналық оқушы зағип жандарға арналған «ақылды көзілдірік» ойлап тапты

Қазақстанның сыртқы саясаты жаңа геосаяси жағдайда

Қазақстанның көпвекторлы саясаты: ел мүддесін қорғайтын сындарлы бағыт

Соңғы жазбалар

Ақмола облысында апатты мектептің орнына жаңа мектеп салынды

23 Қазан, 2025

ЕО 19-шы санкциялар пакетін қабылдады, ішінде қазақстандық банктер бар

23 Қазан, 2025

«Халыққа пайдам тигеніне қуанамын» : су саласының мамандары сұхбат берді

23 Қазан, 2025

Қордайда «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында екі жаңа білім ошағы ашылды

23 Қазан, 2025

ТШО-дағы дау: ФБР Теңіздегі 100 миллион долларлық коррупция туралы шағымды қабылдады

23 Қазан, 2025

Ұлытау облысында Президент Жолдауын жүзеге асыру мәселелері талқыланды

23 Қазан, 2025

Батыс Қазақстанда ұшқышсыз ұшатын аппарат құлады

23 Қазан, 2025

МӘМС 1 триллион теңгені депозитте «тұздап» отыр: Депутат ауруханалардағы қаржы тапшылығын сынады

23 Қазан, 2025

Жетісу облысында «Талдықорған-Үшарал» магистралды газ құбырының құрылысы аяқталды

23 Қазан, 2025

Түркістан қаласындағы «Парасат» саябағы жаңғыртудан өтті

23 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.