Фото: Синьхуа
Бұл туралы «Қызыл крест» халықаралық комитеті мәлімдеді. Екінші кезеңде 200 палестиналық пен 4 израильдік әйел сарбаз босатылды, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Палестиналық тұтқындардың кейбірі Иордан өзенінің батыс жағасына, кейбірі Газа секторына жіберілген. Жауласушы тараптар 3 кезеңнен тұратын оқ атпау режимін 19 қаңтарда енгізген болатын. Бейбіт бітімнің бірінші кезеңі 6 аптаға созылуы тиіс. Әрі қарай Израиль Газаның халық көп шоғырланған өңірінен өз әскерін әкетуі керек.
ХАМАС пен Израиль арасындағы атысты тоқтату келісімі 15 айға созылған қақтығыстардан кейін Мысыр, Катар және Америка Құрама Штаттарының арадағы келіссөздерінің нәтижесінде қол жеткізілді делінген.