Фото: СІМ
Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қосылуға байланысты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі еліміздің Ибраһим келісімдеріне қосылғанын мәлімдейді.
— Бұл маңызды шешім тек Қазақстан мүддесі үшін қабылданды және республиканың теңгерімді, сындарлы, бейбіт сыртқы саясатының сипатына толық сәйкес келеді. Авраам келісімдеріне қосылу еліміздің барлық мүдделі мемлекеттермен ынтымақтастығын нығайтуға ықпал етеді, яғни Қазақстанның стратегиялық мақсаттарына толық сәйкес.
Қазақстан әрдайым Таяу Шығыстағы қақтығыстың халықаралық құқық нормаларына, БҰҰ тиісті қарарларына және «екі халық үшін екі мемлекет» қағидаты негізінде әділ, жан-жақты әрі орнықты реттелуін қолдайды, — делінген СІМ хабарламасында.

