Министр не дейді
Үкімет отырысына онлайн режимде қатысқан министр жол көлік оқиғаларының тағы бір факторы көлік тәртібінің төмендігі екенін атап өтеді. Оның айтуынша, биыл жол ережесін бұзу 58%-ға, қарсы жолаққа шығу деректері 70%-ға көп анықталған. Ұсталған «мас» жүргізушілердің саны 15%-ға өсті, барлығы әкімшілік қамауға алынған. Мас күйінде қайта басқару фактілері бойынша қылмыстық істердің саны 20%-ға көбейген Өрескел бұзушыларды құқығынан айыру 2 есе өскен.
Министрліктің шарасы
Жолдарда бақылауды күшейту үшін цифрлық шешімдерді енгізіп жатыр. Қалаларда жол ережелерін бұзуды тіркейтін 24 мыңнан астам автоматты камера орнатылған. Патрульдік автокөліктерді бұзушылықтарды тіркейтін жүйелерімен жабдықталған. Бүгін осындай жүйелерді маршруттық автобустар, жедел жәрдем және мемлекеттік автокөліктерге орнату мәселелері пысықталып жатыр. Елімізде осындай құрылғылар өндіретін кәсіпорын ашылған.
– Сондықтан әкімдіктер тез арада осы құрылғыларды алу қажет, – дейді ол.
Министрдің пайымдауынша, бұл жұмыс жүргізу мәдениетін арттыруға, жазаның бұлтартпаушылық принципін қамтамасыз етіп, жолда бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді,
– Біз «жылдамдықты жақсы көретіндерге» жазаны күшейтеміз. Тиісті заң жобасы Сенатқа енгізілген. Сондай-ақ, мас күйінде, автокөлікті куәліксіз басқарса 7 жылға дейін куәлік алуға тыйым салынады. Халықаралық тәжірибеге сәйкес, жүргізушілерді дайындау талаптар қайта қаралады. Өзін-өзі дайындау тоқтатылды (ІІМ-нің 10.04.2024 ж. №315 бұйрығы). Автомектептерді есепке аламыз. Түлектердің қатысуымен болған апаттар рейтингін енгіземіз. Оқу курстарын өту туралы куәліктерді, медициналық анықтамаларды электрондық нысанға көшірдік, – дейді ол.
Сәденов жүргізушілерді оқыту сапасына қатысты сұрақтар барын атап өтеді. Кейбір автомектептерде қажетті жағдай жоқ. Себебі – бұл саланы мемлекет бақыламайды. Бұл функцияларды Сәденов Ішкі істер министрлігіне қайтаруды сұрайды.
Дереккөз: ulysmedia.kz