Алматыда өткен Орталық Азия әйелдерінің форумына әйгілі бизнесмен, инженер, миллиардер Илон Масктың анасы Мэй Маск қатысты.
Фото: Видеодан скриншот
Алматы қалалық мәслихатының депутаты Қарашаш Жүзеева желідегі парақшасында жариялады.
“Бұл таңғажайып әйел – Илон Масктың анасы. Тек өнертапқыш баланы дүниеге әкелген ана ғана емес, сондай-ақ ол кәріліктің стереотиптерін бұзды. Өмір сүрудің моделіне айналған адам”, – деп жазды Мәслихат депутаты.
Одан кейін Мэй Маск Қазақстанға құр келіп қана қоймай, қазақтың салт-дәстүріне куә болды. Ол тұсау кесіп, бүлдіршіннің алғашқы қадамына сәттілік тіледі.
Сондай-ақ, жұлдызды әйел Ықылас Дүкенұлы атындағы халық музыкалық аспаптар музейін де аралады. Экскурсия кезінде «Steppe Sons» модерн этно-джаз тобы қонақтарға өнер көрсетті.