Мешіт – құлшылық орны, рухани тәрбие мен жамағаттың бас қосатын қасиетті мекені. Мұсылман адам мешітке келгенде әдептілік сақтап, көркем мінез танытуы тиіс. Бұл туралы Ағабек Қонарбайұлы жазды, деп хабарлайды Todayinfo порталы.
Қоғамда пікірталас тудырған оқиға
Жақында Түркістан облысы, Сарыағаш ауданындағы мешітте орын алған оқиға әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, қоғамда түрлі пікір қайшылығын тудырды. Осыған байланысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) мешітте орын алған әдепсіз әрекеттерге қатысты ресми мәлімдеме жасап, мешіт имамына ескерту бергенін хабарлады.
Жамағатқа үндеу
ҚМДБ барша мұсылман қауымын мешітке келгенде:
🔹 Дауыс көтеріп сөйлемеуге,
🔹 Әдепсіз әрекеттерге жол бермеуге,
🔹 Ұрыс-керіс жасамауға,
🔹 Мешіт әдебін сақтауға шақырды.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мешіттерде тыныштық пен тәртіп сақтаудың маңыздылығын еске салып, жамағатты сабыр мен парасаттылыққа үндейді.