Фото: ТЖМ
Алматы облысының Ұйғыр ауданында бір үйдің екі баласы құдыққа құлап, жазып бола жаздады. Шонжы ауылында орын алған оқиға құтқарушылардың арқасында сәтті аяқталды, деп хабарлайды Todayinfo.
Оқиға жеке тұрғын үй аумағында болған. Тереңдігі екі метр болатын құдыққа абайсызда бір жасар бала түсіп кеткен. Мұны байқаған сегіз жастағы әпкесі көмекке ұмтылғанмен, құдыққа өзі де түсіп, қайта шыға алмаған.
Ата-анасы дереу құтқарушыларға хабарласып, көмек сұраған. Жабық құдықтан балалар тәжірибелі мамандардың арқасында аман-есен құтқарылды.