Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Мәжіліс депутаты Түркістанда «REWOMEN» әйелдер кеңесімен реформаларды талқылады

20 Қыркүйек, 2025

«100 млн теңге жұмсадым»: Гиннестің рекордына ену үшін Мың түйе керуені ұйымдастырылды

20 Қыркүйек, 2025

Түркістан қаласында World Cleanup Day аясында сенбілік шарасы өтті

20 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Мәжіліс депутаты Түркістанда «REWOMEN» әйелдер кеңесімен реформаларды талқылады
  • «100 млн теңге жұмсадым»: Гиннестің рекордына ену үшін Мың түйе керуені ұйымдастырылды
  • Түркістан қаласында World Cleanup Day аясында сенбілік шарасы өтті
  • Қала күні қарсаңында: Алматының тазалығына үлес қосқан көрінбейтін батырлар
  • «Тазалық өмір салтымызға айналсын»: әлем чемпиондары «Таза Қазақстан» акциясына қатысып, саябақты тазалап шықты
  • Backstreet Boys сахнадан Алматыны туған күнімен құттықтады (видео)
  • Алматыда көшелердің біріне марқұм Денис Теннің аты беріледі
  • Қазақстан азаматы тікелей эфирде боқтаймын деп соттан бір-ақ шықты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Суббота, 20 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Инвестициялық жоба: Түркістан облысында су үнемдеу технологиясын шығаратын еліміздегі алғашқы зауыт ашылды

Инвестициялық жоба: Түркістан облысында су үнемдеу технологиясын шығаратын еліміздегі алғашқы зауыт ашылды

12 Қыркүйек, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Су үнемдеу технологияларының қолжетімділігін арттыру бағытында еліміздегі ең алғашқы зауыт Түркістан облысында іске қосылды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

. Сауран ауданының Шаға ауылдық округіндегі өнеркәсіптік парк аймағында «BNK Group» БНК компаниясы америкалық «Nelson Irrigation» компаниясымен бірлесіп, «BNK IRRIGATION» сауда белгісімен айналмалы және фронтальды әрекет ететін жаңбырлатқыш машиналар өндірісін іске қосты. Бұл Қазақстанда су үнемдеу технологияларын кеңінен қолдану үшін су шашыратқыш машиналардың толық циклін өндіруді жолға қоюға мүмкіндік беретін ірі және көп миллиардтық инвестициялық жоба. Бұдан бөлек, аталған «BNK Group» БНК кәсіпорнының жылына 50 мың га қамтитын және «Тұран су» мекемесі жанынан жылына 9 мың га қамтитын тамшылатып суғару қондырғыларын шығаратын 2 зауыт ашылады.  Тамшылатып суару жүйелерін шығаратын төртінші зауыт шетелдік инвестордың қолдауымен Отырар ауданында жүзеге асуы жоспарланған.  Ірі инвестор текстиль кластерін құру бойынша өңірге 440 млн. АҚШ долларын құюға дайын. Нәтижесінде 4 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылуы күтілуде.

«Тамшылатып суару арқылы мақтаны егудің озық тәсілін егуде жергілікті диқандар тәжірибе алуда. Компания облыста Түркістан облысында ПВХ құбыр шығаратын зауыт, тамшылатып суару жүйелерін шығаратын зауыт, 2 мақта өңдеу зауытын, «Turan» арнайы экономикалық арнайы экономикалық аймағында жіп иіру фабрикалары мен бояу және әрлеу фабрикасын және тігін фабрикасы сияқты инвестициялық жобаларын іске қосуды жоспарлауда», -деп хабарлады Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Түркістан облысында 2024-2027 жылдар аралығында өңір экономикасының дамуына тың серпін беретін 2,2 трлн. теңгенің 145 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Осы жылдың өзінде 62 жоба жоспарланып, бүгінгі күнге 24-і іске қосылды. Ауқымды жобалар толық іске асқанда 18 мың жаңа жұмыс орындары ашылатын болады.

Ірі өндірістік жобалардың қатарында қуаттылығы 926,5 МВт құрайтын бу-газ қондырғысы, мұнай өңдеу зауыты, каустикалық сода, ПВХ, цемент, карбид және әк шығару зауыттары, күкірт қышқылын өндіру зауыты, жүгеріні терең өңдеу зауыты, ауыз су және түрлі-түсті сусындарды шығару зауыты мен текстиль кластері зауыттары бар.

Инвестициялық жобалар өңірдің экономикалық көрсеткіштеріне оң серпін беруде. Ағымдағы жылдың 6 айында макроэкономикалық көрсеткіштер жоғары өсім көрсетті. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 106,8%-ға, өңдеу өнеркәсібі 111,2%-ға ұлғайды. Экономикаға тартылған инвестициялар көлемі 137,8%-ға өсті. Нәтижесінде мыңға жуық жұмыс орны ашылып, өңірде өнеркәсіп жанданып келеді.

Түркістан облысы әкімдігінің мәліметінше, Түркия және Корея Республикасы мен Қытай Халық Республикасынан өңірге инвестиция тарту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Жұмыстарды күшейту үшін облыс әкімі Дархан Сатыбалды бастаған Түркістан облысы делегациясы, кейін аудан және қала әкімдіктері, бизнес өкілдерімен бірлесе Қытайға іс-сапарлар ұйымдастырылды. Нәтижесінде көрші елдің жаңа технологиясы мен қытайлық инвесторлардың капиталымен бірқатар жобалар бастау алды.

Осы жұмыстардың нәтижесімен өңір экономикасына шамамен 1,2 трлн. теңге инвестиция бағытталады. Олардың қатарында текстиль кластерін құру бойынша ірі жобалар бар. Қуаттылығы 800 МВт құрайтын күн және жел электростанциясының құрылысы, Түркістан қаласында 5 жұлдызды қонақ үй, бизнес орталық және аквапарк құрылысы жоспарланған.

Сонымен қатар бұл елмен ІТ саласында тәжірибе алмасу, ауыл шаруашылығы саласын дамыту, озық технологиямен қамту, терең өңдеу, білім, мәдениет, туризм, Түркістан қаласындағы әуежайдың логистикалық әлеуетін пайдалану, әуе рейсін ашу және өзге де мәселелерде әріптестік орнату бойынша келіссөздер жүргізді. Түркістан облысымен бірқатар провинция арасында бауырластық, достық қатынастарды орнату туралы меморандумдарға қол қойылды. Онымен қоса, облысқа шетелдік инвестицияларды тарту мақсатында көкөніс қоймасының құрылысы, құрылыс материалдар өндіру зауытының құрылысы, аурухана ашу, ірі қара мал терісін өңдеу өндірісін ашу, жиһаз шығару, дрондарды құрастыру және санитарлық-гигиеналық материалдарды өндіру зауытын ашу секілді бірқатар меморандумдарға қол қойылды. Жұмыстар жалғасады.

Айта кетейік, Түркістан облысына 2030 жылға қарай су үнемдеу технологияларын 216,3 мың гектарға енгізу жоспарланған. Бүгінде 32 мың гектардан астам алқапқа су шығынын азайту технологиялары енгізілуде. Жаңа жүйе суды 2 есе үнемдеп, өнімді 3 есе арттырады.

Оқылып жатыр

Backstreet Boys сахнадан Алматыны туған күнімен құттықтады (видео)

Алматыда көшелердің біріне марқұм Денис Теннің аты беріледі

Қазақстан азаматы тікелей эфирде боқтаймын деп соттан бір-ақ шықты

Ерболат Досаев жаңа қызметке тағайындалды

«Менің парақшам тек проблемаларды айту үшін емес»: Депутат Дәулет Мұқаевтың жазбасы елдің ашуын тудырды

Ахмет Байтұрсынұлының бұрын-соңды жарияланбаған суреті табылды

Соңғы жазбалар

Мәжіліс депутаты Түркістанда «REWOMEN» әйелдер кеңесімен реформаларды талқылады

20 Қыркүйек, 2025

«100 млн теңге жұмсадым»: Гиннестің рекордына ену үшін Мың түйе керуені ұйымдастырылды

20 Қыркүйек, 2025

Түркістан қаласында World Cleanup Day аясында сенбілік шарасы өтті

20 Қыркүйек, 2025

Қала күні қарсаңында: Алматының тазалығына үлес қосқан көрінбейтін батырлар

20 Қыркүйек, 2025

«Тазалық өмір салтымызға айналсын»: әлем чемпиондары «Таза Қазақстан» акциясына қатысып, саябақты тазалап шықты

20 Қыркүйек, 2025

Backstreet Boys сахнадан Алматыны туған күнімен құттықтады (видео)

20 Қыркүйек, 2025

Алматыда көшелердің біріне марқұм Денис Теннің аты беріледі

20 Қыркүйек, 2025

Қазақстан азаматы тікелей эфирде боқтаймын деп соттан бір-ақ шықты

20 Қыркүйек, 2025

Активтерді қайтару: Бас прокурор олигархтармен келісімдер туралы айтты

20 Қыркүйек, 2025

«Ұрланған гранит, орға түскен машина»: ашуға мінген Дархан Сатыбалды аудан әкімінің орынбасарын қызметтен қуып жіберді

19 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.