Әл-Хусейния сарайында Иордания Хашимит Корольдігіне ресми сапармен келген Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті,деп хабарлайды Todayinfo агенттігі.
Сарай алдындағы алаңда Құрмет қарауылы сап түзеп, әскери оркестр Қазақстан мен Иорданияның мемлекеттік әнұрандарын орындады.
Құрмет қарауылы ротасы бастығының рапортынан кейін екі ел басшылары келіссөз залына барды.