Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Жасырынуға тырысқан»: Тұрсынбек Қабатов интим массаж салонынан ұсталды деген ақпарат тарады

23 Қыркүйек, 2025

Мемлекет басшысы FIFA президентін қабылдады

23 Қыркүйек, 2025

Ресей архивінен сирек кездесетін халық күйі табылды

23 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Жасырынуға тырысқан»: Тұрсынбек Қабатов интим массаж салонынан ұсталды деген ақпарат тарады
  • Мемлекет басшысы FIFA президентін қабылдады
  • Ресей архивінен сирек кездесетін халық күйі табылды
  • Тоқаев инвесторларды Қазақстанға қалай тартып жатыр?
  • 2025 жылғы «Алтын Доп» иегері анықталды
  • Тоқаев Зеленскиймен кездесті
  • Қазақстаннан Ресейге 34 дрон алып өтпек болған «Газель» ұсталды
  • Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамппен сөйлесті
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 23 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

IQanat Олимпиадасы: 56 мың ауыл баласы не үшін күреседі?

28 октября, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

IQanat Олимпиадасының І туры бүкіл Қазақстан бойынша – еліміздің 170 ауданында бастау алды! Интеллектуалдық сайысқа ауылдық елді мекендерде тұратын 56 мың сегізінші сынып оқушысы қатысады.

IQanat Олимпиадасының ерекшелігі – академиялық жетістіктері мен мектептегі бағаларына қарамастан, әрбір баланың жеңіске жетуге мүмкіндігі бар. Дәстүрлі тестілеулерден айырмашылығы – IQanat тапсырмалары оқушының логикалық және математикалық ойлау, оқу сауаттылығы және қазақ тілін меңгеруі сынды қабілеттерін бағалауға бағытталған.

Бірінші турда жеңімпаз атанған 10 мыңға жуық бала екінші – облыстық турға өтіп, оның аясында тест тапсырудан бөлек, IQanat жобасының үш күндік дайындық шарасы – қарқынды білім беру және ынталандыру тренингтеріне қатысады.

Екінші турда финалға өтетін 1000-ға жуық бала айқындалады. Финалистердің бір бөлігі Бурабайдағы IQanat мектеп-пансионатына оқуға қабылданып, олардың жатын орны, тамағы, формасы мен оқу материалдарына қажетті шығындары түгел өтеледі. Финалистердің екінші бөлігі IQanat олимпиадасынан кейінгі үш жылдық қолдау бағдарламасына тегін қабылданып, оның аясында балалар ҰБТ, халықаралық емтихандарға белсенді дайындалады, ағылшын тілін, IT дағдыларды, soft skills, кәсіпкерлік негіздерін меңгереді. Бұл ретте балалардың жетістіктері оқу барысында да, одан түлеп ұшқаннан кейін де бақылауда болады.

Бұл мүмкіндіктерді балаларға IQanat жобасының қамқоршылары ұсынып отыр. Олардың қатарында қазақстандық ірі бизнестің, сондай-ақ ШОБ өкілдері болып табылатын, елімізге танымал 160 кәсіпкер бар.

Жоба қамқоршысы Алмаз Төлтаев ауыл балаларының дамуына не үшін қаржы құю қажеттігін түсіндірді:

«Мен отбасының тұрғылықты жері мен қаржылық мүмкіндіктеріне қарамастан, әрбір балаға сапалы білім мен ол ұсынатын мүмкіндіктер қолжетімді болуы керек деген сенімдемін, сондықтан IQanat жобасын қолдадым. Жоба ауыл балаларына қазіргі уақытта ең қажетті дағдыларға жүйелі түрде оқытады және бұл өзінің тікелей нәтижелерін береді. IQanat бағдарламасымен қамтылған балалардың 90%-ы Қазақстанның және шетелдің үздік университеттеріне грантпен оқуға қабылдануда. Қазір IQanat түлектері әлемнің 17 елінде білім алып жатыр. Бұл жобаға қосылу – біздің еліміздің тұрақты дамуы мен адам капиталына инвестиция құюды білдіреді. Өйткені, дәл осындай ынталы да игі ниетті балалардан келешекте үлкен өзгерістер жасай алатын мықты ұрпақ шығады».

IQanat бағдарламасы түлектерінің (Alumni) саны бүгінде 2200-ден астам. Олар – жобаның мақтаныштары әрі қозғаушы күші. Олимпиада, негізінен, дәл осы түлектердің күшімен өткізілуде. Бүгінде студент атанған олардың бәрі де бірнеше жыл бұрын осы жолды жүріп өткен, тестілеудің қыр-сырын егжей-тегжей біледі. Олар ұйымдастыру жұмыстарының барлық сатысында көмектесіп жатыр: мектептерді аралап, өзге балаларға бағдарлама ережесін түсіндіреді, тіпті өздері де тест қабылдайды. IQanat Alumni қоғамдастығын белсенді дамытуда – түлектердің қатысуымен тұрақты кездесулер мен белсенді шаралар өткізіледі. Одан бөлек, осы түлектердің бір бөлігі IQanat қамқорына алған мектеп оқушыларына ментор болып жатыр.

2017 жылы іргесі қаланған уақыттан бері Олимпиада 240 мыңнан астам ауыл баласын қамтыды. Жыл сайын жобаға ҚР Оқу-ағарту министрлігі қолдау көрсетеді.

Оқылып жатыр

Қазақстаннан Ресейге 34 дрон алып өтпек болған «Газель» ұсталды

ҚТЖ жеке фирмалардың жұмысын тежегені үшін 1,42 млрд теңге айыппұл төледі

Бас прокуратура Назарбаевтың ұлымен соттасып жатыр

Қазақстанда ҰБТ жүйесі өзгертілмек

Ілияс Сариев ісі: Қызының еміне ақша жинауы үшін 750 мың теңгедей берген ана сотта бар шындықты айтты

Көрші ел интернетті толығымен өшіруге дайындалып жатыр

Соңғы жазбалар

«Жасырынуға тырысқан»: Тұрсынбек Қабатов интим массаж салонынан ұсталды деген ақпарат тарады

23 Қыркүйек, 2025

Мемлекет басшысы FIFA президентін қабылдады

23 Қыркүйек, 2025

Ресей архивінен сирек кездесетін халық күйі табылды

23 Қыркүйек, 2025

Тоқаев инвесторларды Қазақстанға қалай тартып жатыр?

23 Қыркүйек, 2025

2025 жылғы «Алтын Доп» иегері анықталды

23 Қыркүйек, 2025

Тоқаев Зеленскиймен кездесті

23 Қыркүйек, 2025

Қазақстаннан Ресейге 34 дрон алып өтпек болған «Газель» ұсталды

22 Қыркүйек, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамппен сөйлесті

22 Қыркүйек, 2025

ҚТЖ жеке фирмалардың жұмысын тежегені үшін 1,42 млрд теңге айыппұл төледі

22 Қыркүйек, 2025

«Күйеуін әлі жақсы көреді»: Ел алдында еңіреп жылаған Мөлдір Мұқанды халық аяп кетті

22 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.