Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

3 трлн. теңге: Екібастұздағы мега құрылыс Қазақстан бокс федерациясының басшысына берілмек пе?

16 Қазан, 2025

«Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады

16 Қазан, 2025

«Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты

16 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • 3 трлн. теңге: Екібастұздағы мега құрылыс Қазақстан бокс федерациясының басшысына берілмек пе?
  • «Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады
  • «Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты
  • «3700 бос жұмыс орны»: Қазақстанда 500 мың теңгеге жұмыс істейтін жұмысшылар табылмай жатыр
  • Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық бақылау күшейтілді
  • «Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға қажылыққа жолдама сыйлады
  • «Ресей мен Арменияны басып озды»: Қазақстан – азық-түлік бағасы ең қолжетімді 30 елдің қатарында
  • «Елден қашып кетпекші болған»: БЖЗҚ-дан 46 миллиард теңге жымқырғандардың бірі ұсталды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Бейсенбі, 16 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Ирактағы терроризм үшін өмір бойына сотталған қазақстандық әйелдер мемлекеттен көмек сұрады

1 февраля, 2025 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Фото: Ирак түрмесі. Иллюстрациялық фото.

Иракта өмір бойына бас бостандығынан айрылған алты қазақстандық әйел ел үкіметінен көмек сұрап, кері қайтаруды өтінді. Олар Бағдаттағы түрмеде сегіз жылдан бері жазасын өтеп жатыр, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы Курсив Медиа басылымына сілтеме жасап.

«Воздух свободы» қоғамдық қорының жетекшісі Жанна Умирова бұл әйелдердің 2021 жылдан бері ауыр жағдайда екенін айтты. Олардың сөзінше, жазықсыз сотталып, заңсыз қамауға алынған. Бостандық талап етіп, тіпті түрмеде аштық жариялаған. Алайда түрме әкімшілігі оларға медициналық көмек көрсетпеген.

«2024 жылдың қазан айынан бері біз олардың ісін қайта қарату үшін жұмыс істеп келеміз. 2017 жылы бұл әйелдер қателік жасап, шетелге кеткен. Жастарымыздың көбі сол кезде адасты, қауіпсіздік іздеп, қателескен. Бірақ оларды ДАИШ-тің жақтастары деп қарауға болмайды», – дейді Жанна Умирова.

Оның айтуынша, Қазақстан билігі бұл істі қарастырып жатыр, алайда үкіметтің нақты қандай шара қабылдап жатқаны белгісіз.

Астанада өткен баспасөз мәслихатында сотталған әйелдердің бейнеүндеуі көрсетілді.

«Біз қателік жасағанымызды түсінеміз. Біз соғысуға емес, күйеулерімізбен бірге еріп келген едік. Отанымызға, туыстарымызға оралып, жаңа өмір бастауға көмектесулеріңізді сұраймыз», – делінген үндеуде.

Оралдық сотталған әйелдердің бірі – Роза Мансұрованың анасы Мәрзия Медетова қызының артынан қалған үш немересін бағып отырғанын айтты.

«2013 жылы қызым балаларын алып, күйеуінің соңынан кетті. 2019 жылы немерелерімді елге қайтарды. Қазір оларды жалғыз өсіріп отырмын. Басқа қыздардың ата-анасы келе алмады. Мемлекеттен көмек сұраймыз», – деді ол.

Адвокат Жамбыл Жолгелдиев Ирак билігінің бұл әйелдерді «терроризмге жәрдем берді» деген айыппен өмір бойына бас бостандығынан айырғанын айтты.

«Алайда олардың террористерге көмектесу ниеті болмаған. Олар өте жас еді, күйеулерінің артынан еруді парыз санады. Кейін олар соғыстың ортасына түсіп, аман қалу үшін күресуге мәжбүр болды», – дейді адвокат.

Жанна Умированың айтуынша, бұл әйелдер әртүрлі жолдармен Сирияға барған. Бірі Ресей арқылы, бірі Әзербайжан арқылы ұшқан. Олардың жасы сол кезде 18-19-да ғана болған.

Қазір Қазақстан билігі бұл әйелдерді елге қайтару бойынша нақты қандай қадамдар жасап жатқаны белгісіз. Отбасылары мен құқық қорғаушылар олардың тағдырына араша түсуді сұрап отыр.

Жанна Умирова Ирак Сотталған терроризм үшін қазақстандық әйелдер

Оқылып жатыр

Түркия түркі халықтарына «шетелдік» мәртебесін алып тастады

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

«Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ

«Қарияны зат сияқты лақтырған»: Алматыда Қарттар үйіндегі адамға қызметкер адамшошырлық қатігездік көрсеткен

Иранда су таусылды. Қазақстанда да осындай жағдай қайталануы мүмкін бе?

Соңғы жазбалар

3 трлн. теңге: Екібастұздағы мега құрылыс Қазақстан бокс федерациясының басшысына берілмек пе?

16 Қазан, 2025

«Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады

16 Қазан, 2025

«Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты

16 Қазан, 2025

«3700 бос жұмыс орны»: Қазақстанда 500 мың теңгеге жұмыс істейтін жұмысшылар табылмай жатыр

16 Қазан, 2025

Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық бақылау күшейтілді

16 Қазан, 2025

«Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға қажылыққа жолдама сыйлады

16 Қазан, 2025

«Ресей мен Арменияны басып озды»: Қазақстан – азық-түлік бағасы ең қолжетімді 30 елдің қатарында

16 Қазан, 2025

«Елден қашып кетпекші болған»: БЖЗҚ-дан 46 миллиард теңге жымқырғандардың бірі ұсталды

16 Қазан, 2025

«Ренжімеңдер ертең, сендер ғана ақша бермедіңдер»: Талғардан тағы да шу шықты

16 Қазан, 2025

«Орталық Азияның логистикалық жобалары жабылуы мүмкін»: Пәкістан —Ауғанстан соғысының шығу себебі мен тигізер зардабына талдау

16 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.