Бұған Сот кабинетінің деректері дәлел.
Порталдың хабарлауынша, іс Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралатын болады. Сот кеңсесінде ол туралы қосымша материалдар жоқ — «іс жариялауға жабық» делінген.
2023 жылдың 9 қарашасында Астанадағы мейрамханалардың бірінде қатты соққының салдарынан әйелдің қайтыс болғаны белгілі болды.
Іс бойынша күдікті – бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев. Оған екі бап бойынша айып тағылды:
110-баптың 2-бөлігі – «Азаптау»;
99-баптың 2-бөлігі – «Аса қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру».
Экс-министрдің туысы Гастроцентр директорына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 432-бабы – «Жасыру» және ҚР ҚК 434-бабы бойынша тергеу аяқталды – «Қылмыс туралы хабарламау».