Қатарда жүрген Қазақстан азаматтарының саны белгілі болды. Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Мәжіліс кулуарында айтты, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
«Қазір Қатарда шамамен 1,5 мың Қазақстан азаматы бар. Оның 516-сы консулдық есепке тұрған. Олардың барлығымен тұрақты байланыстамыз», – деді Бақаев.
Оның айтуынша, Дохада болған әуе соққысынан қазақстандықтар зардап шекпеген. «Құрбан болғандар арасында біздің азаматтар жоқ. Бұл жағдайға қатысты елшілікке ешкім хабарласпады», – деп нақтылады ол.
Еске салайық, 9 қыркүйекте Израиль Доха қаласына әуе соққы жасаған болатын.
Фото: Риа Новости