Close Menu
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
What's Hot

Түлкібаста экотуризмді дамытуға бағытталған «ALTY KÖL» жобасы қолға алынды

14 Шілде, 2025

«Енді айтысқа шақырмаңыз»: Сара Тоқтамыс Жүрсін Ерманға қалай ренжіп қалғанын айтты

14 Шілде, 2025

Wizz Air Қазақстан бағыттарын тоқтатады: Абу-Дабидегі операциялар жабылады

14 Шілде, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Түлкібаста экотуризмді дамытуға бағытталған «ALTY KÖL» жобасы қолға алынды
  • «Енді айтысқа шақырмаңыз»: Сара Тоқтамыс Жүрсін Ерманға қалай ренжіп қалғанын айтты
  • Wizz Air Қазақстан бағыттарын тоқтатады: Абу-Дабидегі операциялар жабылады
  • Саңырауқұлақ теруге шыққан: Алматы облысында орманда жоғалған 10 жастағы бала аман есен табылды
  • «Путин түнде бомба жаудырады»: Трамп Украинаға зениттік зымырандар сататын болды
  • Олеся Кексель азаптау ісі бойынша күдікті ретінде танылды – Бас прокуратура
  • Қостанай облысында жол апатынан сәби көз жұмды
  • Сейітқазы Матаевтың киесі ұрды: адамдарды тапсырыспен түрмеге тоғытқан прокурор Олеся Кексельге қарсы қылмыстық іс қозғалды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 14 Шілде
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Rus
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Иран жеңілді, Израиль үстемдігін паш етті: АҚШ бомбасының күшін сынаған Трамп тағы ұнай жинап әлек

Иран жеңілді, Израиль үстемдігін паш етті: АҚШ бомбасының күшін сынаған Трамп тағы ұнай жинап әлек

24 Маусым, 2025 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің мақсатына жеткен соң, айнып шыға келді. Ол Иран мен Израиль арасында атысты толық тоқтату жөнінде келісімге «қол жеткізілгенін» мәлімдеді. Шындығында Израиль әу бастан-ақ бұл соғысты екі аптаға жоспарлаған еді. Алайда соғысты тоқтатуды Трамп өзінің жеке басына пайдаланып әлек, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат порталы.

Бұған дейін Трамп Тегеран халқын түгел эвакуациялауды айтқан еді. Үрей тастап, сан түрлі сес көрсеткен АҚШ президенті аяқ астынан айнып, соғыстың тоқтауына өзінің үлесі зор екенін мақтанышпен мәлімдеді.

— Барлығын құттықтаймын! Израиль мен Иран арасында атысты толық тоқтату жөнінде келісім жасалды. Келісім шамамен алты сағаттан кейін, тараптар қазіргі операцияларын аяқтаған соң күшіне енеді. 12 сағат ішінде атыс толық тоқтайды, ал 24 сағаттан кейін бұл соғыстың ресми түрде аяқталуы ретінде жарияланады, — деп жазды Трамп.

22 маусымға қараған түні АҚШ Иранның үш ядролық нысанына әуе шабуылын жасағанын хабарлаған еді. Негізгі соққы Фордо уран байыту зауытына бағытталды, сонымен қатар Исфахан мен Натанзедегі ядролық қондырғыларға Tomahawk қанатты зымырандары арқылы соққы берілді. Трамп бұл операциялардың нәтижесінде Иранның уранды байытуға арналған негізгі инфрақұрылымы «толығымен жойылды» деп мәлімдеді. Алайда Иран тарапы Фордоға тек ішінара зақым келгенін хабарлады.

Иран қарулы күштері Катар мен Ирактағы АҚШ әскери базаларына жауап ретінде бірнеше зымыран атқаны белгілі болды. Осы оқиғалардан кейін Катар Сыртқы істер министрлігі Иранның әскери әрекетін айыптады, ал Катардағы АҚШ базаларынан алдын ала эвакуация жүргізілгені туралы да хабарланды.

Атысты тоқтату жөніндегі келісім тараптардың одан әрі жағдайды ушығусыз шешуге дайын екенін көрсетеді. Халықаралық қауымдастық қазіргі уақытта жағдайды тұрақтандыруға бағытталған әрекеттерді қолдап отыр.

Ал Иран көсемі Аятолла Хаменеи қарымта қайтарып соғысуға шамасы жоқ, әрі биліктен айырылып қалудан қорыққан соң шығына ұшыраса да амалсыз келісімге келуге мәжбүр. Оның солақай саясатының кесірінен Иран экономикасы қирап, мыңдаған адам опат болды.

Ал АҚШ пен Израиль өз мақсаттарына толықтай жетті. Бұдан әрі мұнайдың қымбаттап, халық наразылығы күйшейіп кетуден сескенген соң бірден соғысты тоқтататын болды.

Таяу Шығыстағы қылмыстық ұйымдарды қаржыландырып отырған шииттік бағыттағы Иран шындығында қорғаныс күшінің әлсіз екенін көрсетті. Халқына да, мемлекетіне де қорған бола алмады.

Иран билігі бұған дейін соғыс енді басталды, ешқандай келісім болмайды деп мәлімдеген еді. Бункерге тығылған Аятолла өз басына төнген қауіптен сескеніп, батыстың талабын орындауға мәжбүр.

Израиль өз кезегінде Таяу Шығыста өзі қожа екенін тағы бір рет дәлелдеп, Иранға ондаған жыл бас көтере алмайтындай соққы беріп тастады.

Оқылып жатыр

Сейітқазы Матаевтың киесі ұрды: адамдарды тапсырыспен түрмеге тоғытқан прокурор Олеся Кексельге қарсы қылмыстық іс қозғалды

566 млн теңге: Перизат Қайрат Израиль-Палестина соғысынан да мол пайдаға кенелген

250 доллар: АҚШ визасы қазақстандықтар үшін екі есеге қымбаттайды

Теңіз түбіне кеткен теңгелер: Перизат Қайрат сотта Алматының экс-әкімі Бауыржан Байбекті жауапқа тартуды талап етті

Перизат Қайраттың орта білімі де, жоғары білімі де жоқ — прокурор

Сағатына 200 шақырым жылдамдықта болған: Лондонда ұшақ апатқа ұшырады (ВИДЕО)

Соңғы жазбалар

Түлкібаста экотуризмді дамытуға бағытталған «ALTY KÖL» жобасы қолға алынды

14 Шілде, 2025

«Енді айтысқа шақырмаңыз»: Сара Тоқтамыс Жүрсін Ерманға қалай ренжіп қалғанын айтты

14 Шілде, 2025

Wizz Air Қазақстан бағыттарын тоқтатады: Абу-Дабидегі операциялар жабылады

14 Шілде, 2025

Саңырауқұлақ теруге шыққан: Алматы облысында орманда жоғалған 10 жастағы бала аман есен табылды

14 Шілде, 2025

«Путин түнде бомба жаудырады»: Трамп Украинаға зениттік зымырандар сататын болды

14 Шілде, 2025

Олеся Кексель азаптау ісі бойынша күдікті ретінде танылды – Бас прокуратура

14 Шілде, 2025

Қостанай облысында жол апатынан сәби көз жұмды

14 Шілде, 2025

Сейітқазы Матаевтың киесі ұрды: адамдарды тапсырыспен түрмеге тоғытқан прокурор Олеся Кексельге қарсы қылмыстық іс қозғалды

14 Шілде, 2025

Сара Алпысқызы тірі: экс-президенттің бәйбішесі ауруханада ем қабылдап жатыр

14 Шілде, 2025

566 млн теңге: Перизат Қайрат Израиль-Палестина соғысынан да мол пайдаға кенелген

14 Шілде, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.