2025 жылғы 3 қаңтар күні таңертең Фуллертон қаласында орын алған оқиға бүкіл елді дүр сілкіндірді. Калифорния штатында жеңіл ұшақ ғимаратқа соғылып, өртке себеп болды. Төтенше жағдайлар қызметі өртті ауыздықтауға тырысуда.
Fox News мәліметінше, зардап шеккендерге оқиға орнында алғашқы медициналық көмек көрсетілген.
Жергілікті полиция деректері бойынша, 18 адам зардап шекті:
- Екі адамның қазасы расталды;
- Он адам ауруханаға жеткізілді;
- Сегіз адамға оқиға орнында медициналық көмек көрсетіліп, үйлеріне жіберілді.
Бұл ақпарат полицияның әлеуметтік желідегі ресми мәлімдемесінде жарияланды.