Танымал актриса Лейло Бекназардың күйеуі Юрий Иванович Бекназар-Ханинга өмірден өтті, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры хабарлаған.
«Юрий Иванович сахна шебері ғана емес, шығармашылығы шәкірттерінің, әріптестері мен көрерменінің жүрегінде өшпес із қалдырған нағыз маман болды. Оның жұмысы терең мағынаға, эстетикалық талғампаздыққа және өнерге деген шынайы сүйіспеншілікке толы болды», — делінген хабарламада.
Юрий Иванович Бекназар-Ханинга 1949 жылы 11 ақпанда Өскеменде дүниеге келген. Кеңестік және қазақстандық театр актері, театр режиссері, ұстаз, профессор.
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері.
1967 жылдан бастап Өскемен қаласында балалар спорт мектебінде жаттықтырушы, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, орта мектепте орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді.
1971 жылы Өскемен педагогикалық институтының филология факультетін «орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі» біліктілігімен бітірді.
1973 жылдан бастап Қазақстан театрларында актер, режиссер, бас режиссер, көркемдік жетекші қызметтерін атқарған.
1982 жылы Б.В.Щукин атындағы театр училищесінің режиссура факультетін (халық әртісі профессор А.М. Поламишевтің курсы) бітірген.
2000 жылдан бастап Қазақ ұлттық өнер университетінде актерлік шеберлік, 2004 жылдан бастап драма театры режиссурасынан сабақ береді, профессор. Оның тікелей басшылығымен және қатысуымен актерлік өнер менен режиссура кафедрасы (кейіннен – кино, ТВ және театр кафедрасы) құрылды.