Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
What's Hot

Жастар және діни экстремизм: Жат ағымдардың ұлттық қауіпсіздікке қатері және оның алдын алудағы мемлекеттік стратегиялар мен ақпараттық жұмыс

17 Қараша, 2025

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: Цифрландыру және «Адал азамат» қағидаты ұлттық қауіпсіздікті қалай нығайтады?

17 Қараша, 2025

Тұрмыстық зорлық-зомбылық: Жаңа заңнамадан қоғамдық санаға дейін – мемлекеттік саясат қалай жұмыс істейді?

17 Қараша, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Жастар және діни экстремизм: Жат ағымдардың ұлттық қауіпсіздікке қатері және оның алдын алудағы мемлекеттік стратегиялар мен ақпараттық жұмыс
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: Цифрландыру және «Адал азамат» қағидаты ұлттық қауіпсіздікті қалай нығайтады?
  • Тұрмыстық зорлық-зомбылық: Жаңа заңнамадан қоғамдық санаға дейін – мемлекеттік саясат қалай жұмыс істейді?
  • 35 жоғары оқу орны, 150 іс-шара, 40 мың студент: Алматы Студенттер күнін қалай атап өтіп жатыр
  • Ардагерлерін ардақтаған ел азбас
  • Қызмет алушылардың құқықтарын қорғау – Департамент жұмысының негізгі бағыты
  • Батыс Қазақстанда жантүршігерлік жол апатынан 8 адам тіл тартпай кетті
  • Қазақстандағы алғашқы АЭС-тің атауы белгілі болды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 18 Қараша
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » «Кемінде 1,5 триллион теңге инвестиция тарту»: Нұрымбет Сақтағанов Президентке өңірді дамытудың жоспарларын баяндады

«Кемінде 1,5 триллион теңге инвестиция тарту»: Нұрымбет Сақтағанов Президентке өңірді дамытудың жоспарларын баяндады

5 марта, 2025 AQORDA
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Фото: Ақорда

Тоқаев жуырда ғана ШҚО әкім болып тағайындалған Нұрымбек Сақтағановты қабылдады. Президентке өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы және бұған дейін берілген тапсырмаларының орындалу барысы баяндалды. Облыс әкімі өткен жылдың қорытындысы бойынша негізгі салаларға тартылған инвестиция мен өндіріс көлемінің өскенін атап өтті. Жалпы көлемі 400 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға беріліп, 46 жаңа өндіріс орны іске қосылған, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат порталы.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа шағын және орта бизнесті қолдау шаралары, инфрақұрылымды жаңғырту, жаңа әлеуметтік нысандар салу жайында ақпарат берілді. Нұрымбет Сақтағановтың айтуынша, туризм, цифрландыру салаларын, көлік-логистика секторы мен агроөнеркәсіп кешенін дамытуға баса назар аударылады.

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 18 нысан салынып, 6 медициналық мекемеге күрделі жөндеу жүргізілді. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша 5 білім ошағы пайдалануға берілді. Оқушы орындарының тапшылығын азайту үшін 7 мектеп бой көтереді.

Мемлекет басшысына Жұмысшы мамандықтары жылына орай кәсіпорындардың сұранысы негізінде құрылыс, ауыл шаруашылығы, авиация, энергетика және су көлігі салалары бойынша жаңа білім беру бағдарламалары ашылатыны жөнінде айтылды. Еңбеккерлерді қолдау мақсатында «Отбасы банкімен» бірлесіп, өңірлік «Шығыс маманы» жеңілдетілген ипотекалық бағдарламасы іске қосылды.

Облыс әкімі өңір тұрғындарын толығымен таза ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі міндет жыл соңына дейін орындалатынын жеткізді. Бұл бағытта құны 14 миллиард теңге болатын 8 жоба жүзеге асырылады.

Алдағы екі жылда өңірге кемінде 1,5 триллион теңге инвестиция тарту, 700 мың шаршы метрден астам тұрғын үй және 28 әлеуметтік нысан салу, сондай-ақ ұзындығы 600 шақырымнан астам жолды жөндеу жоспарланып отыр.

Президент облыс экономикасын әртараптандыру, қайта өңделген өнім экспортын кеңейту және инвестиция тарту жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдегі экологиялық мәселелерді шешу және көлік инфрақұрылымын жақсартуға баса мән беру керек екеніне тоқталды.

Оқылып жатыр

35 жоғары оқу орны, 150 іс-шара, 40 мың студент: Алматы Студенттер күнін қалай атап өтіп жатыр

Ардагерлерін ардақтаған ел азбас

Қызмет алушылардың құқықтарын қорғау – Департамент жұмысының негізгі бағыты

20 елден 2500 қатысушы: Алматыда 2025 жылғы маусымның соңғы City Run мәрелік жарысы өтті

Алматыда ЖРВИ-дың эпидемиологиялық жағдайы тұрақты

Ұлытау облысында аумағы 900 гектардан асатын ірі агрокешен бой көтеруде

Соңғы жазбалар

Жастар және діни экстремизм: Жат ағымдардың ұлттық қауіпсіздікке қатері және оның алдын алудағы мемлекеттік стратегиялар мен ақпараттық жұмыс

17 Қараша, 2025

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: Цифрландыру және «Адал азамат» қағидаты ұлттық қауіпсіздікті қалай нығайтады?

17 Қараша, 2025

Тұрмыстық зорлық-зомбылық: Жаңа заңнамадан қоғамдық санаға дейін – мемлекеттік саясат қалай жұмыс істейді?

17 Қараша, 2025

35 жоғары оқу орны, 150 іс-шара, 40 мың студент: Алматы Студенттер күнін қалай атап өтіп жатыр

17 Қараша, 2025

Ардагерлерін ардақтаған ел азбас

17 Қараша, 2025

Қызмет алушылардың құқықтарын қорғау – Департамент жұмысының негізгі бағыты

17 Қараша, 2025

Батыс Қазақстанда жантүршігерлік жол апатынан 8 адам тіл тартпай кетті

17 Қараша, 2025

Қазақстандағы алғашқы АЭС-тің атауы белгілі болды

17 Қараша, 2025

Қырғызстандағы жарық дағдарысы: Жапаров пен Атамбаевтың ашық текетіресі ушықты

17 Қараша, 2025

20 елден 2500 қатысушы: Алматыда 2025 жылғы маусымның соңғы City Run мәрелік жарысы өтті

17 Қараша, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.