Украинаның Донецк және Харьков облыстарына қарайтын аумақты бомбалаған Ресей әскері кемінде 20 адамды мерт қылды. Одесса қаласы өртке оранып, 8-наурызда жасалған шабуылдардан 50-ден астам адам жарақат алды, деп хабарлайды Todayinfo.
Жарақат алған адамдардың арасында бес бала бар. Одессаға дрондар арқылы соққы жасалды. Донецк, Харьков, Полтава, Сумы және Одесса облыстарына ресей әскері жүздеген дрон ұшырды. Шахедтер мен имитациялық дрондардан бөлек, ресей тарапы «Искандер-М»/KN-23 баллистикалық зымырандарын және «Искандер-К» қанатты зымырандарды жіберген.
Украина әскері бір «Искандер-К» зымыранын және 79 дронды атып түсірген. 54 дрон мақсатқа жете алмады делінген таңертеңгі есепте. Шабуылдың салдарынан Донецк және Харьков облыстары қатты зардап шекті
«Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметі бойынша, шабуыл кезінде сегіз бес қабатты үй, әкімшілік және 30 көлік бүлінген. Зақымдалған ғимараттарда өрт шықты», -делінген хабарламада.
Зымыран соққыларынан 9, 14 және 17 жастағы қыздар, 10 және 11 жастағы ұлдар түрлі жарақат алған.