Close Menu
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
What's Hot

Израиль-Иран соғысы: түнгі шабуылдан 8 жастағы ирандық гимнаст қыз қаза тапты

17 Маусым, 2025

«Мәдениеттен жұрдай»: Мөлдір Мұқанова халықтың наласына қалды

17 Маусым, 2025

Алматыда атақты «Арыстан» базары сүріліп жатыр

17 Маусым, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Израиль-Иран соғысы: түнгі шабуылдан 8 жастағы ирандық гимнаст қыз қаза тапты
  • «Мәдениеттен жұрдай»: Мөлдір Мұқанова халықтың наласына қалды
  • Алматыда атақты «Арыстан» базары сүріліп жатыр
  • «Қолымды қысып, табыс тіледі»: Димаш Құдайберген Си Цзиньпинмен кездесті (ВИДЕО)
  • «60 миллион теңге талап етіп отыр, жұмыссыз қалдым»: Қылмыскер Абзал Шынасыл анасында еңіретіп кетті
  • Тоқаевтың тартуы: Президент 1,5 мың киікті Қытай үкіметіне сыйлыққа беретін болды
  • Ақтауда жаңа туған нәрестелерге терапия жасау мәселесі талқыланбақ
  • Ерке Есмаханның үшінші ұлына Айнұр Тұрсынбаева кіндік шеше болды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 17 Маусым
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Rus
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Кентау қаласында шөл қауынын өсірудің ерекше әдісі қолданыла бастады

Кентау қаласында шөл қауынын өсірудің ерекше әдісі қолданыла бастады

27 августа, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Түркістан облысы Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылындағы Дөдеген учаскесінде орналасқан «Зебо» шаруа қожалығы ерекше бастамамен көзге түсіп отыр, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Шаруа қожалығы шөлді жерлерде бақша өнімдерін өсірудің бірегей әдісін қолданып, алғашқы тәжірибені табысты жүзеге асыра бастады.

Биыл мамыр айының ортасында «Зебо» шаруа қожалығы 7 гектар аумақты алып жатқан тәлім жерге қауын отырғызды. Аталған аумаққа ағын су бармайтынына қарамастан, қожалықтың егіндері алғашқы өнімдерін бере бастаған.

Қожалық иелері мен мамандарының айтуынша, өнімдердің дәмі ерекше болып келеді. Оған басты себеп – бақша өнімдерін өсіруде тек табиғи әдістер қолданылады. Яғни, қауын-қарбызды өсіруде ешқандай химиялық тыңайтқыштар қолданылмайды және қарапайым су да пайдаланылмайды. Бұл әдіс қауынның табиғи дәмін сақтауға мүмкіндік береді, және де экологиялық таза өнім алу мүмкіндігі артады.

Жоспар бойынша, «Зебо» шаруа қожалығы қара күзге дейін 7 гектар алқаптан 30 тоннаға дейін өнім алуды көздеп отыр. Бұл ерекше әдістің нәтижесінде алынған өнімдер нарықта жоғары сұранысқа ие болатынына сенім мол.

Кентау қаласының Кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі бұл бастаманы жоғары бағалап, басқа шаруашылықтарға да үлгі ретінде ұсынуда.

«Шөлді аймақтарда ауыл шаруашылығын дамытуға деген қызығушылықты арттыра отырып бұл жоба осы бағытта тың идеялар мен жаңа әдістердің пайда болуына ықпал етуі мүмкін,-дейді сала мамандары.

Ауылдағы «Зебо» шаруа қожалығының шөлде бақша өнімдерін өсіруі – елді мекен үшін айтарлықтай жаңалыққа айналған. Тұрғындар бұл бастаманы қалай қабылдағанын және олардың жобадан не күтетіні туралы пікірімен бөлісті.

Есенғали Сейітұлы, ауыл тұрғыны: «Мен бұл жобаның табысты болатынына сенімдімін. «Зебо» шаруа қожалығы өз тәжірибесі арқылы осы қиындықты еңсеруге болатынын дәлелдеп отыр. Олардың қауын өсіруде қолданатын әдісі табиғи әрі экологиялық таза екені көңіл қуантады. Ауылдастарымыз да бұл өнімдердің сапасы мен дәмін жоғары бағалап отыр».

«Менің ойымша, бұл жоба ауылымызға үлкен пайдасын тигізеді. Біріншіден, бұл жаңа жұмыс орындарының ашылуына септігін тигізеді, ал екіншіден, біздің жергілікті өнімдерді қалалар мен көршілес ауылдарға сатуға мүмкіндік береді. Қауынның дәмі ерекше, табиғи екенін білу – біз үшін үлкен мақтаныш», — дейді Гүлзада есімді ауыл тұрғыны.

Оқылып жатыр

Израиль-Иран соғысы: түнгі шабуылдан 8 жастағы ирандық гимнаст қыз қаза тапты

Алматыда атақты «Арыстан» базары сүріліп жатыр

«Қолымды қысып, табыс тіледі»: Димаш Құдайберген Си Цзиньпинмен кездесті (ВИДЕО)

Ақтауда жаңа туған нәрестелерге терапия жасау мәселесі талқыланбақ

Ерке Есмаханның үшінші ұлына Айнұр Тұрсынбаева кіндік шеше болды

Қостанайда колледж студенттерін емтиханнан военкоматқа алып кеткен (Видео)

Соңғы жазбалар

Израиль-Иран соғысы: түнгі шабуылдан 8 жастағы ирандық гимнаст қыз қаза тапты

17 Маусым, 2025

«Мәдениеттен жұрдай»: Мөлдір Мұқанова халықтың наласына қалды

17 Маусым, 2025

Алматыда атақты «Арыстан» базары сүріліп жатыр

17 Маусым, 2025

«Қолымды қысып, табыс тіледі»: Димаш Құдайберген Си Цзиньпинмен кездесті (ВИДЕО)

17 Маусым, 2025

«60 миллион теңге талап етіп отыр, жұмыссыз қалдым»: Қылмыскер Абзал Шынасыл анасында еңіретіп кетті

17 Маусым, 2025

Тоқаевтың тартуы: Президент 1,5 мың киікті Қытай үкіметіне сыйлыққа беретін болды

17 Маусым, 2025

Ақтауда жаңа туған нәрестелерге терапия жасау мәселесі талқыланбақ

17 Маусым, 2025

Ерке Есмаханның үшінші ұлына Айнұр Тұрсынбаева кіндік шеше болды

17 Маусым, 2025

Нұра ауданындағы «Өнер үйі» биыл пайдалануға беріледі

17 Маусым, 2025

Қостанайда колледж студенттерін емтиханнан военкоматқа алып кеткен (Видео)

17 Маусым, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.