Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қант диабеті неден пайда болады: Себептері

21 Қыркүйек, 2025

Ит туралы қызықты деректер мен маңызды ақпараттар

21 Қыркүйек, 2025

Отбасы — өмірдің қазығы: Мақал-мәтелдер жинағы

21 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қант диабеті неден пайда болады: Себептері
  • Ит туралы қызықты деректер мен маңызды ақпараттар
  • Отбасы — өмірдің қазығы: Мақал-мәтелдер жинағы
  • Дастарханға, Шаңыраққа және Тойға Арналған Бата-Тілектер (Толық Жинақ)
  • Тоқаевтің АҚШ-қа сапары басталды
  • Алматы маңында жер сілкініп, смартфондарға ескерту келді
  • «Қайраттың» 18 жастағы қақпашысына Испания клубтары қызығушылық танытты
  • Алматыда кәмелетке жаңа толған қызды такси жүргізушісі зорлап кеткен
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жексенбі, 21 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Кентаулық ана мемлекеттік қолдаудың арқасында емделушілерге арналған массаж кабинетін ашты

1 октября, 2024 Түркістан облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Кентау қаласының тұрғыны Алтынай Картабаева өзінің бастамашылдығы мен еңбекқорлығының арқасында «Массаж кабинетін ашу» жобасын сәтті жүзеге асырып, мемлекеттік грант иегері атанды. Алған грант қаражатына массажға қажетті құрал-жабдықтарды сатып алған кәсіпкер қала тұрғындарына сапалы қызмет көрсетуге кірісті. Атап айтқанда, массаж үстелі, жиналмалы орындық, тізе орындығы мен фитобочка және денеге массаж жасайтын аппараттарын алған. Бұл құралдар оның жұмыс көлемін айтарлықтай ұлғайтып, клиенттерге қызмет көрсетуді оңтайландырған, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Алтынайдың массаж жасауға деген қызығушылығы перзентінің жағдайына байланысты туындаған. Ұлының 1-топтағы ерекше бала екенін ескере отырып, анасы ұлының денсаулығына қажетті массажды өзі үйрену жолын таңдаған. Ұлының денсаулығына ерекше күтім қажет болғандықтан, Алтынай Үрімжі қаласына барып, нүктелі массаждың қыр-сырын үйреніп қайтқан. Осы сапары оның өмірін өзгертетін шешім қабылдауына себеп болады. Ұлына үнемі күтім қажет болғандықтан  массажды кәсіби түрде үйреніп алу ана үшін дұрыс қадам болды.

Өмір сынағына сынбаған ана керсінше бала үшін мықты болуды үйреніп осы саланы жетік меңгеруді қолға алады. Астана, Алматы және Шымкент қалаларында арнайы курстардан өтіп, массаждың әртүрлі техникасын меңгеріпті. Оның ішінде бал массажы, от массажы, емдеу, гигиеналық, классикалық, косметикалық және спорттық массаж түрлері бар. Ол өз біліктілігін арттыру арқылы кәсіби маманға айналады. Жұмысында алған тәжірибесі мен білімі оны халық арасында танымал етіп, массаж кабинетіне ем алушылар көптеп бас сұға бастапты.

Алтынайдың жұмысы өз ортасында тек кәсіби қызмет қана емес, сонымен бірге халық үшін шынайы көмек көзіне айналған.  Емделушілердің ішінде өз ауруларынан айығып, ризашылық білдіргендер де аз емес. Тіпті тұрақты клиенттер арасында оның жұмысын жоғары бағалап, оны шебер маман ретінде мойындағандар көп.

«Мен емді алғаш рет қабылдап отырмын. Ем нәтижесі қуантарлық. Дәрігердің кәсіби шеберлігі сенімімді арттырды, әрі жағдайым әлдеқайда жақсарғанын сезініп, қуанып жүрмін»,- дейді Айгүл есімді ем алушы.

Алтынай Картабаева қазіргі таңда бірнеше шәкірт тәрбиелеп, массаж жасау шеберлігін өз білгенімен бөлісе бастапты. Алтынай өз ісіне тек табыс көзі ретінде қарамай, оған аса үлкен жауапкершілікпен мән береді. Өз клиенттерінің денсаулығына, жайлылығына назар аудара отырып әрбір адамның ерекше бақылауда болуын да жіті қадағалап отырады екен.

«Менің жұмысым – науқастардың денсаулығын жақсартуға үлес қосу. Әр адамның қажеттілігін ескеріп, жеке тәсіл қолдануға тырысамын. Массаж барысында басты назарды бұлшықеттердің кернеуін босатуға және қан айналымын жақсартуға қоямын. Адамдардың жағдайының жақсарғанын көрген сайын өз жұмысымның маңызды екенін түсінемін. Әр пациенттің қайта келіп, алғыс білдіруі мені одан әрі қанаттандырады. Мен де бұл салаға өмірдің сынағы арқылы келіп отырмын. Бауыр еті баламның денсаулығы қатты алаңдатты. Қиналдық, жүгірдік, қаншама аурухананың есігін тоздырдық. Перзент кез-келген ата-ананың жүректегі ең нәзік қантамыры секілді ғой. Перзент қандай күй кешсе ана да дәл сол күйді жан дүниесінен өткізеді. Ем алуға келген әрбір науқастың жай-күйі маған таныс. Барынша физикалық еммен қатар психологиялық көмек көрсетуге де тырысып бағамын. Тұрақты ем бәрін де жеңіп шығуға көмек береді»,- дейді шағын кәсібін ашқан Алтынай Картабаева.

Массаж кабинетін ашып, өз ісін дөңгелетіп отырған ана жобаларды жүзеге асыруға қолдау білдірген мемлекеттік қолдауларға да өз алғысын білдірді.

«Мемлекеттің қолдауы арқылы жеткен табыс әрі қарайғы еңбекқорлықты, табандылық пен кәсіпке деген сүйіспеншілікті дәлелдейді. Әрине, мемлекеттен қолдау алу үлкен мүмкіндік, бірақ оны сәтті жүзеге асыру үшін қажырлы еңбек қажет. Мемлекеттік гранттың қолдауымен өз массаж кабинетімді ашу арманым жүзеге асты.  Кәсіпкерлікті бастау оңай емес, бірақ грант арқылы қажетті жабдықтар сатып алып, кәсіби жұмысты жолға қойдым. Менің мақсатым – адамдардың денсаулығын жақсартып, өзімнің туған қаламда сапалы массаж қызметін ұсыну. Мемлекеттік қолдаудың арқасында жаңа деңгейге көтеріліп, болашақта қызмет түрлерін кеңейтуді жоспарлап отырмын», -дейді Алтынай Картабаева.

Алтынайдың өмір жолы, оның ана болудағы жауапкершілігі мен кәсібіне деген адалдығы бір-бірімен тығыз байланысып жатыр. Ол ұлының денсаулығы үшін массаж үйрену қажеттілігін түсініп, оны өз кәсібіне айналдыру арқылы көптеген адамдарға көмектесіп отыр. Бұл оның өміріндегі қиындықтарды жеңу жолындағы шешімдерінің қаншалықты маңыздылығын дәлелдейді.

«Оның жұмысқа деген адалдығы мен кәсібилігі оны тек жақсы маман ғана емес, сондай-ақ қамқор ана және қоғамға пайдалы азамат ретінде танымал етті»,-дейді Хадиша есімді ем алушы әже.

Оқылып жатыр

Мәжіліс депутаты Түркістанда «REWOMEN» әйелдер кеңесімен реформаларды талқылады

Арыс қаласында президент жолдауын насихаттау бойынша кездесу өтті

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА “ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ” ШАРАСЫ ӨТІП ЖАТЫР

Түркістан: Кентауда жұмысшы мамандарды даярлайтын бірегей оқу орны бар

Түркістанда орта азияда теңдесі жоқ «Ескек есу» арнасы ашылды

Түлкібаста 20 шақырымнан астам жол бойы тазаланды

Соңғы жазбалар

Қант диабеті неден пайда болады: Себептері

21 Қыркүйек, 2025

Ит туралы қызықты деректер мен маңызды ақпараттар

21 Қыркүйек, 2025

Отбасы — өмірдің қазығы: Мақал-мәтелдер жинағы

21 Қыркүйек, 2025

Дастарханға, Шаңыраққа және Тойға Арналған Бата-Тілектер (Толық Жинақ)

21 Қыркүйек, 2025

Тоқаевтің АҚШ-қа сапары басталды

21 Қыркүйек, 2025

Алматы маңында жер сілкініп, смартфондарға ескерту келді

21 Қыркүйек, 2025

«Қайраттың» 18 жастағы қақпашысына Испания клубтары қызығушылық танытты

21 Қыркүйек, 2025

Алматыда кәмелетке жаңа толған қызды такси жүргізушісі зорлап кеткен

21 Қыркүйек, 2025

Астанадағы жәрмеңкеде Абай мен Атыраудан әкелген 400 тонна өнім сатылады

21 Қыркүйек, 2025

«Төсекте онша емессің»: Кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Дмитрий Биволдың экс-әйелі күйеуінің көзіне шөп салғанын мойындап, күллі Ресейді шулатты

21 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.