Алматы қаласында 2010-2011, 2013-2014 және 2015-2016 жылдары туған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында дзюдодан “Бейбарыс Сұлтан” атты республикалық турнир өтті. Аталған жарысқа еліміздің әр өңірінен 800-ден астам спортшы қатысып, өзара бақ сынады.
Бұл додада Кентау қалалық №2 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің дзюдошылары жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды. Атап айтқанда, 32 келі салмақта Сұңқар Иса — І орын, 38 келі салмақ дәрежесінде Махамбет Жанайдар үздік атанса, 55 келіде Әділ Жұбатхан алтыннан алқа тақты. Ал, Мирас Бақытжан 26 келі салмақта күміс медал иеленсе. Рауан Ерімбет 66 келіде қола жүлдеге ие болды.
Командалық есеп бойынша Кентау қаласының дзюдошылары 3 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль жеңіп алып, үлкен жетістікке қол жеткізді. Бұл жеңістер спорт мектебінің жаттықтырушылары Бағдат Иса, Асхат Анетов және Дәулет Набихановтардың табанды еңбегінің жемісі.
Trending
- «Көтеруге қарсы болған»: Той үстінде қалыңдық кетіп қалды
- Футболшы ойын алаңында есінен танып, көз жұмды
- Екі полицей қызметтік көлікпен бір-біріне соғып қаза тапты
- Бестөбеде «Таза Қазақстан» аясында ауқымды экологиялық акция өтті
- Елеске айналған экс-сенатор: прокуратура қашқын Қожамжаровтың үстінен қылмыстық іс қозғады
- «Жыныс мүшесіне таяқ тығып, зорлаған»: Алматы облысында жас қызды аяусыз қорлаған әйелдер қамауға алынды
- Таза Қазақстан: Маралсай шатқалынан 2 тонна тұрмыстық қалдық жинады
- Ешкім сатып алмай қойған Кәрім Мәсімовтың үйіне байланысты шешім шықты