24 қаңтарда Солтүстік Корея әзірленіп жатқан Пулхвасар-3-31 стратегиялық қанатты зымыранының жаңа түрін алғаш рет сынақтан өткізді.
Сынақты КХДР зымыран құрау ғылымының бас басқармасы жүргізді. Бұл туралы Кореяның орталық ақпарат агенттігі хабарлады.
— Зымыранды ұшыру қоршаған елдердің қауіпсіздігіне әсер еткен жоқ және аймақтағы жағдайға еш қатысы жоқ, — делінген хабарламада.
Басқарма бұл сынақтар КХДР-дың «қару жүйелерін үздіксіз жаңарту процесі» аясында жүргізілгенін айтты.
Корея Республикасы Қарулы Күштерінің Штаб бастықтары комитеті бұған дейін КХДР 24 қаңтарда Сары теңізге қарай бірнеше қанатты зымырандар ұшырғанын хабарлаған.
Бұл жаңалық сізге қалай әсер етті?
Реакция қалдырыңыз 👇

