Танымал кәсіпкер жеке өміріне қатысты тараған өсек-аяңға жауап берді. Ол ажырасқанын мойындағанымен, өзіне қатысты кейбір жалған ақпараттарды жоққа шығарды,деп хабарлайды Todayinfo ақпарат порталы.
«Ешкімнің аузына қақпақ бола алмаймын. Ажырасқаным рас. Бірақ ешкім менен зардап шеккен жоқ. 4-5 әйел алды деген өтірік. Басқалар сияқты үсті-үстіне тоқал алған емеспін. Ешкім ажырасамын деп үйленбейді. Әркімнің өз айыбы бар. Біреулер жалға машина алып жүр деп жазып жатыр, ол өзімдікі», – деп мәлімдеді кәсіпкер.
Ол ажырасу – өмірдің бір сынағы екенін айтып, өзіне қатысты алыпқашпа сөздердің шындыққа жанаспайтынын жеткізді.
«Ажырасқан адам бақытты бола алмай ма? Ешкім сау сиырдың тезегі емес, әркімнің бір өткен оқиғасы бар. Айналайындар-ау, кім ажыраспай жатыр? Осы өсектің артында жақсы болашақ күтіп тұрғанына сенімдімін. Алла Тағала барлығыңыздың отбасыңызға береке берсін, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын», – деп жазды ол.
Кәсіпкер өзіне қатысты жалған ақпараттарға сенбеуге шақырып, жеке өміріне қатысты әңгіменің тоқтауын сұрады.