Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Ұлытау облысында Президент Жолдауын жүзеге асыру мәселелері талқыланды

23 Қазан, 2025

Батыс Қазақстанда ұшқышсыз ұшатын аппарат құлады

23 Қазан, 2025

МӘМС 1 триллион теңгені депозитте «тұздап» отыр: Депутат ауруханалардағы қаржы тапшылығын сынады

23 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Ұлытау облысында Президент Жолдауын жүзеге асыру мәселелері талқыланды
  • Батыс Қазақстанда ұшқышсыз ұшатын аппарат құлады
  • МӘМС 1 триллион теңгені депозитте «тұздап» отыр: Депутат ауруханалардағы қаржы тапшылығын сынады
  • Жетісу облысында «Талдықорған-Үшарал» магистралды газ құбырының құрылысы аяқталды
  • Түркістан қаласындағы «Парасат» саябағы жаңғыртудан өтті
  • «Уақытша ұстау изоляторына ұқсайды»: Семейдегі «Қазпошта» бөлімшесі сынға қалды
  • Ресей дроны Харьковтағы балалар бақшасын қиратты: 48 бала аман қалды
  • Алматы облысының ұстаздары «Үздік педагог – 2025» республикалық байқауында топ жарды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Бейсенбі, 23 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

«Кімге керек сол үйренсін»: Желіде қазақ тілінің түкке де керегі жоғын айтқан бойжеткен сынға қалды (ВИДЕО)

23 Қазан, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Фото: видео скриншот

Әлеуметтік желіде қазақстандық бойжеткеннің қазақ тіліне қатысты айтқан сөзі қызу талқыланып жатыр. Ол видеода қазақ тілін үйренуге ниеті жоқ екенін ашық білдірген, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Көкшетаулық қыз орыс тілінде сөйлеуді таңдағанын, ешкім оны қазақ тілінде сөйлеуге мәжбүрлей алмайтынын айтқан.

«Маған қазақ тілінің қажеті жоқ, өйткені ол тілде сөйлеспеймін. Мен тек орыс тілінде сөйлеймін. Бұл менің таңдауым. Ешкім мені қазақ тілін үйренуге міндеттей алмайды. Маған оның қажеті жоқ. Себебі қазақ тілін күнделікті өмірде қолданбаймын. Кімге қазақ тілі қажет, солар үйренсін», – дейді ол.

Қыздың айтуынша, оның айналасындағы адамдардың бәрі орыс тілінде сөйлейді. Сондықтан қазақ тілін меңгеруді маңызды деп есептемейді екен.

«Маған “мемлекеттік тілді білу міндет” деп айтады. Бірақ ондай міндетті сезінбеймін. Достарым, жақындарым бәрі орысша сөйлейді. Қазақша сөйлесем, олар түсінбейді, тіпті таңырқай қарайды», – дейді қыз.

Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бұл жағдай осыдан 2 жыл бұрын болған.

“Бұл оқиға 2023 жылдың қазан айында болған. Әйел дереу анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды”, – делінген хабарламада.

Қыздың пікірі қоғамда екі түрлі пікір тудырды. Бір бөлігі оны қолдаса, енді бірі мемлекеттік тілді құрметтеу керегін айтқан.

Желі қолданушыларының бір тобы қыздың көзқарасын түсінуге болатынын айтты. Олардың сөзінге, қазір қазақ тілін білмей-ақ Қазақстанда өмір сүруге, жұмыс істеуге болады.

«Ол дұрыс айтады. Қазақ тілі оған мүлде қажет емес. Бүкіл өмірін қазақ тілінсіз-ақ өткізе алады. Елімізде бүкіл қызмет орыс тілінде қолжетімді, айналасындағы адамдар да орысша сөйлейді. Сондықтан бұл қызға тілді білудің қажеті жоқ. Талап қоюдың орнына мемлекеттен неге барлық құжат айналымы, білім мен медицина саласы толық қазақшаға көшпегенін сұрау керек».

«Бұл жерде мәселе қызда емес, мемлекетте. Егер барлық ресми жүйе қазақ тіліне көшсе, бәрі өздігінен үйренер еді. Ал әзірге ондай қажеттілік жоқ».

«Қыз ешкімді қорлаған жоқ, тек өз ойын айтты. Әр адамның жеке пікірі бар. Иә, дөрекі сөйлеген, бірақ жек көру немесе ұлтқа тіл тигізу байқалмайды».

Қоғамның екінші бөлігі мұндай пікірлерді мемлекет пен тілге құрметсіздік деп қабылдады.

«Жеке пікір айтуға болады, бірақ оны көпшілік алдында дөрекі түрде жеткізу арандату санатында. Елде тіл мәселесі онсыз да күрделі. Мемлекеттік тілді менсінбеу — мемлекетті менсінбеумен тең».

«Қазақ тілін білмей-ақ бәрін шешуге болатыны жүйенің кемшілігі. Бұл қыздың кінәсі емес. Ол бар болғаны осы мүмкіндікті пайдаланып отыр. Ал қазақтардың өзіне орыс тілін білмесе, лайықты жұмыс табу қиын».

«Мысалы, Латвияда ел тілін білмейтіндерге уақыт беріп, үйретеді. Ал мүлде үйренбегендерді, білмегендерді елден шығарады. Бізде ондай заң жоқ, бірақ Қазақстанда тұрып, тіл мен халықты сыйламау дұрыс емес».

«Орыс мектептерінің көбі болашағын Қазақстанмен байланыстырмайды. Мектеп бітіре сала шетелге кетуді жоспарлайды. Сондықтан оларды тегін оқытудың да мәні жоқ».

Кей пікір иелері мемлекеттік тілге құрметсіздік танытқандарды заң жүзінде қатаң жазалау керек деп есептейді.

Оқылып жатыр

Батыс Қазақстанда ұшқышсыз ұшатын аппарат құлады

«Уақытша ұстау изоляторына ұқсайды»: Семейдегі «Қазпошта» бөлімшесі сынға қалды

Шұғыл! Алматыда жер сілкінді

Күдіктінің бірі бұрынғы полиция қызметкері: Ақмола облысында 56 жастағы екі еркек 12 жастағы қызды зорлап келген

Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан 12 адамның өмірі қиылды

«Батыста қатты жаңбыр, шығыста тұман»: Бүгін ел аумағында күн райы қалай құбылады

Соңғы жазбалар

Ұлытау облысында Президент Жолдауын жүзеге асыру мәселелері талқыланды

23 Қазан, 2025

Батыс Қазақстанда ұшқышсыз ұшатын аппарат құлады

23 Қазан, 2025

МӘМС 1 триллион теңгені депозитте «тұздап» отыр: Депутат ауруханалардағы қаржы тапшылығын сынады

23 Қазан, 2025

Жетісу облысында «Талдықорған-Үшарал» магистралды газ құбырының құрылысы аяқталды

23 Қазан, 2025

Түркістан қаласындағы «Парасат» саябағы жаңғыртудан өтті

23 Қазан, 2025

«Уақытша ұстау изоляторына ұқсайды»: Семейдегі «Қазпошта» бөлімшесі сынға қалды

23 Қазан, 2025

Ресей дроны Харьковтағы балалар бақшасын қиратты: 48 бала аман қалды

23 Қазан, 2025

Алматы облысының ұстаздары «Үздік педагог – 2025» республикалық байқауында топ жарды

23 Қазан, 2025

Қарағанды облысында жаңа үлгідегі тағы бір мектеп ашылды

23 Қазан, 2025

БҚО-ның Бәйтерек ауданында 1200 орындық “Келешек мектебі” қолданысқа берілді

23 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.