Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

1 ақпан күні қар жауып, жел күшеюі мүмкін - Қазгидромет

Қазгидромет ел аумағында 1 ақпанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады. Синоптиктердің дерегіне қарағанда, бүгін Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуімен тұрақсыз ауа райы сақталады. «Жауын-шашын түсіп, қар жаууы мүмкін, республи

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
1 ақпан күні қар жауып, жел күшеюі мүмкін - Қазгидромет
Қазгидромет ел аумағында 1 ақпанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.
Синоптиктердің дерегіне қарағанда, бүгін Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуімен тұрақсыз ауа райы сақталады.
«Жауын-шашын түсіп, қар жаууы мүмкін, республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда қатты жаңбыр мен қар күтіледі. Ел аумағында тұман, бұқасын болады, жел күшейеді, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста көктайғақ болады», — делінген ведомство дерегінде.
 

Ұқсас материалдар